Қостанайда жаңа тігін фабрикасы ашылды. «Азурит» ЖШС ӨТФ компаниясы отандық өндірісті ұлғайту арқылы импортты алмастыруға септігін тигізбек.
Сондай-ақ, өңірдегі жеңіл өнеркәсіп өндірісі мен экспорт көлемінің көрсеткіштерін арттырып қана қоймай, салық базасын арттырып, қосымша 100 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Фабрикада қазірдің өзінде 100 астам білікті тігінші жұмыс істейді. Кәсіпорын жұмыс киімдерін, Денсаулық сақтау мекемелері мен қызмет көрсету саласы үшін заманауи арнайы киімдерді, сондай-ақ мектеп формасын шығаратын заманауи тігін жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Кәсіпорын жұмыс киімдерін, денсаулық сақтау мекемелері мен қызмет көрсету саласы үшін заманауи арнайы киімдер мен мектептерді түрлі форма үлгілерімен қамтамасыз етеді.
Цехтың ашылу рәсіміне қала әкімі Марат Жүндібаев қатысты.
— Бұл нысан екі мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Болашақта өндіріс көлемін кеңейтуге тиімді. Жаңадан замануаи технологиямен жабдықтап жартырсыздар. Мұның бәрі бәсекелестікке қабілеттілікті артырады. Ең бастысы жеңіл өнеркәсіп қазіргі сұранысқа ие механизм. Негізгі мақсат жұмыс күшін аттыру, соған сай жаңа орындар ашу. Сіздердің серіктестеріңіздің қоғамда әлеуеті зор ұйымдар. Соған қарағанда, қала тұрғындарының бұл жерден шығатын өнімдерге қызығушылығы арта түсетініне сенімдіміз», – деді қала әкімі Марат Жүндібаев.
Кәсіпорын еліміздің жеңіл өнеркәсібінің қолдауымен салынды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кредиттік қаражатымен субсидияланды. Жобаның құны 350 млн теңгені құрады.
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту бүгінгі таңда басым бағыттардың бірі. Себебі саланың халықты жоғары жұмыспен қамтуды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы болып саналады.
Жетекшісі Светлана Шипилкина Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік университетінің түлегі. Фабриканың ашылуымен оқу-орын ұжымы да келді.
«Кәсібімізді осыдан алты жыл бұрын қолға алдық. Ол үшін арнайы жерін белгілеп, Қазақстан халық банкінен несие алдық. 350 млн теңге қаражатты рәсімдеп, осы нысанды салып шықтық. Бүгінде жұмыс күші жеткіліксіз болып тұр. Әлі де жүз адам алу ойымызда бар. Қаңтар айынан бері он шақты шебер ғана келіп қызметке орналасты. Студент қыздарды да жұмысқа тартып жатырмыз. Тәжірибеден өтіп жатқан қыздар оқуларын бітіргесін қатарға оралуға уәде беріп отыр», – дейді Светлана Шипилкина.