Инвестициялық жобамен танысу мақсатында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай қаласындағы «Аруана-2010» ЖШС-де болды. Бұл туралы облыс әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Міндет – 3 жыл ішінде АӨК-дегі өңделген өнімнің үлесін 70% – ға дейін ұлғайту.
«Жыл сайын біз шамамен 5 млн.тонна бидай өндіреміз, бұл елдегі барлық астық көлемінің төрттен бірін құрайды. Оның 45% – ы қайта өңдеуге кетеді», – деді облыс әкімі.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 160 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде жалпы қуаты жылына 2 млн.тоннаға жуық 37 ұн тартатын кәсіпорын. Өндірілген ұнның шамамен 70% экспортталады.
Облыстың ірі ұн тарту кәсіпорындарының бірі «Аруана-2010»ЖШС болып табылады. Кәсіпорын жаңа диірмен кешенін кеңейту және салу туралы шешім қабылдады, бұл зауыттың жалпы өндірістік қуатын жылына 175 мың тоннаға дейін арттырады. Жаңа жобаның құрылысына инвестициялар 3 млрд теңгені құрайды. Бұл жоба қосымша 100 жұмыс орнын ашады, өнім өндіру мен экспорттау көлемін арттырады, бұл өңірдегі қайта өңдеу үлесін, сондай-ақ бюджетке түсетін салық түсімдерінің сомасын жылына 200 млн.теңгеден астам ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, алдағы 3 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге 15 жобаны іске асыруға 112 млрд теңгеден астам инвестиция салу жоспарлануда. Осы және басқа да жобалар Мемлекет басшысының Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімнің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.