Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Еңбек министрі Қостанайда

18 апреля 2024 8:37 • 376 просмотров

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова Қостанай облысына іссапармен келді.

Ол екі күн ішінде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қоныстандыру пункттерін аралады. Қостанай мен Рудный қаласындағы әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысады, мүгедектермен, зейнеткерлермен, әлеуметтік саланың қамқорлығындағы адамдармен кездесті.

Алдымен Еңбек министрі Светлана Жақыпова мен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жүрген мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығында болды. Онда су тасқынынан зардап шеккендер тұрып жатыр. Баспаснасны су басқан тұрғындар министрге өз сұрақтарын қойды. Бірінші сұрақ: «Біздің үйлерімізді қалпына келтіру мүмкін емес. Біз пәтерлердің бағасын қарастырамыз, бір бөлмелі пәтерлердің өзі 13–15 миллион теңгеден басталады. Бізде отбасында бес адам бар, сондықтан бізге кем дегенде үш бөлмелі пәтер қажет. Егер баға күн сайын көтерілсе, бізге қандай мүмкіндіктер бар? Әкімдіктен қандай қолдаулар болады?

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің нақты тапсырмасы бар, жұмыс жүйлеі жүргізілетін болады деп жауап берді.

— Біз барлық зардап шеккендерге толық көлемде көмек көрсетуіміз керек. Біріншіден, сіздерді қазір өте ыңғайлы жерге көшірдік. Ал залалды өтеу жоспарында заңнамалық нормалар, Үкіметтің қаулысы бар, оған сәйкес тұрғын үй, егер жарамсыз, апатты деп танылса, онда жергілікті атқарушы органдар нормалар, стандарттар бойынша және отбасы мүшелерінің санына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті».

Сондай-ақ, зардап шеккендер гмуанитарлық көмек бойынша сұрақ көтерді.

«Бүгінгі таңда біздің өңірге тек көрші облыстардан ғана емес, басқа елдерден де жеткізілетін гуманитарлық көмек туралы әңгіме қозғалды. Бірақ, олар оны бірден бермейді.

Министр бұған былай деп жауап берді: – гуманитарлық және қайырымдылық көмек бойынша біз қанша отбасы мүшесі бар екенін, кімге не қажет екенін білгенде, оның барлығы бір платформаға өтуі керек деген ұсыныстар әзірледік. Тиісінше, бұл көмек бір нүктеден келеді. Қазір әлеуметтік желілерде зардап шеккендерге ақша жинайтын көптеген чаттар бар. Ал іс жүзінде олар бұл чаттардың иелері ешкімге ешқандай көмек көрсетпейтінін анықтайды. Сондықтан ақшалай төлемдер түріндегі қайырымдылық көмек мемлекеттік корпорация арқылы, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы төлеу арқылы өтуі тиіс. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына осы көмекті төлейтін бір шот болады, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, министр су тасқынынан зардап шеккендер орналасқан ҚР ІІМ Қостанай академиясының эвакуациялық пунктіне және келген «Сосновый бор» шипажайына барды. Санаторий әкімшілігі ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасын қолдап, зардап шеккендерді демалуға және емделуге қабылдады.

Қостанай ауданы Алтынсарин ауылының тұрғындары, сондай-ақ Арқалық пен Қостанайдан «Сосновый бор» шипажайына орналастырылды. Барлығы 24 адам-зейнеткерлер, балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар. Оларға тегін нөмірлер берілді. Олар сондай-ақ сауықтыру шараларын қабылдайды.

Бақыт ТҰРАШ