Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа жоба бастау алды

18 апреля 2024 8:35 • 377 просмотров

Елімізде жастарға 1 миллион теңге беріледі. Өтініш қабылдау басталдыZhas Project жобасына NEET санатындағы, яғни, 18–34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады.

Өтініштер 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын ҮЕҰ-мен байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген. 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында өтінімдер іріктеліп, 15 мамырда конкурс нәтижесі жарияланады. Жастарды қолдауды мақсат еткен жоба елдің 20 өңірін қамтиды.

Грантты иеленгеннен кейінгі басты талап – жобаны 4 айда жүзеге асыру. Тәжірибесі толыспаған жастардың қанатқақты жобалары жемісті болу үшін әр өңірде қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталыққа жүгінген жас кәсіпкер көкейіндегі әлеуметтік, экономикалық, құқықтық сауалдарына кәсіби мамандардан жауап, кеңес ала алады. Биыл 280 жобаны қолдау жоспарланып отыр.

Бүгінде «Жастарды өзін өзі басқаруға тарту жобасы» – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі қадамдардың бірі болып отыр. Елімізде қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда жастардың өзін өзі қалай басқаруы керек екені нақтыланған-ды. Яғни, жастардың өзін өзі басқаруы мемлекетпен өзара қарым-қатынас құралы ретінде оларға жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділік жүктейді. Қоғам назарын алаңдататын бұл көкейтесті мәселе күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе ауыл жастарын қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне тарту үшін елімізде барлық жағдайлар жасалуда.

Бақыт ТҰРАШ