Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Баға бақылауда

9 мая 2024 9:03 • 347 просмотров

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл агенттігі ел нарығындағы азық-түлік бағасын өз бақылауына алады. Агенттік, әсіресе, су басқан аймақтардағы тауар бағасына ерекше көңіл бөледі.

Осыған байланысты өткен жиында Антикор осы бақылауды жүзеге асыру жоспарын талқылады.

Өзбекстан мен Тәжікстан жеткізушілерінен азық-түлік, ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей жеткізу мүмкіндіктері пысықталды. Тауарлар тікелей Қазақстан нарығына делдалдарсыз және неғұрлым қолжетімді бағамен жеткізіледі.

Осыған байланысты агенттік төрағасы Асхат Жұмағали аумақтық бөлімшелерге жемқорлық тәуекелдері мен әрекетін болдырмау мақсатында аталған процестерге мониторинг жүргізуді тапсырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары кез келген жемқорлық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде, заңсыз пайда алуға бағытталған түрлі құқыққа қарсы схемаларды құруға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кеседі. Баға белгілеуге теріс әсер ететін жемқорлық факторларына, оның ішінде тараптардың үлестестігіне, мемлекеттік аппарат тарапынан негізсіз әкімшілік кедергілер құруға, нарыққа жосықсыз қатысушылар тарапынан айла-шарғы жасауға және теріс пайдалануға ерекше назар аударылады», деп жазды Антикор баспасөз қызметі.

Бақыт ТҰРАШ