Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бірігіп жұмыс істеуге келісті

9 мая 2024 9:09 • 362 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қытай халықаралық сауда палатасының Қазақстан Республикасындағы Бас өкілі Чен Хунцян мырзамен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оның жемісті сипатын атап өтті. Құмар Ақсақалов атап өткендей, Қостанай облысының сауда-экономикалық байланысы әлемнің 109 елімен орнатылған. Өз кезегінде, Қытай Халық Республикасы 20,4% үлес салмағымен өңірдің екінші ірі сауда серіктесі екенін атап өткен жөн. Бұл ынтымақтастықтың көрсеткіштері жылдан жылға жоғары динамика көрсетуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-мен тауар айналымы, 2022 жылмен салыстырғанда 56% – ға өсті.

Чен Хунцян мырза облыс әкіміне қабылдауы үшін алғысын білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Қостанай облысының аумағында қытай бизнесінің қатысуымен ауқымды жобалар іске асырылуда, олар тамаша нәтижелер көрсетуде. Бұл өз кезегінде аймаққа қосымша инвестиция құюға ынталандыруы тиіс. Қостанай облысының тиімді географиялық жағдайы да бизнесті дамытуда үлкен рөл атқарады.

Айта кету керек, Қостанай облысы жоғары өндірістік әлеуетке ие және тек аграрлық қана емес, сонымен қатар дамыған өнеркәсіптік өңір.

«Қостанай облысы барлық бағыттардағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов. – «Біз индустриялық аймақ шеңберінде де, облыстың басқа өңірлерінде де қытай инвесторларының нақты бастамашыл ұсыныстарын талқылауға дайынбыз».

Кездесу сындарлы және іскерлік ахуалда өтті, тараптар серіктестік байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық танытты.

Бақыт ТҰРАШ