Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қарасу ауданында жаңа әкім

16 мая 2024 8:42 • 399 просмотров

Қостанай облыс әкімінің өкімімен Қарасу аудандық мәслихатының келісімі бойынша Қайрат Темірханұлы Оспанов Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды.

Қайрат Темірханұлы 1978 жылы Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін Құқықтану, қаржы бакалавры мамандықтары бойынша бітірген, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін іскерлік әкімшілендіру (магистр) мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Таран ауданының»Қайранкөл» кәсіпорнында заң кеңесшісі болып бастаған.

1999 жылдың желтоқсанынан 2003 жылдың наурызынадейін Таран ауданы мен Қостанай қаласының әртүрлі кәсіпорындарында заң кеңесшісі болып жұмыс істеді. Бұдан әрі Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты болды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін Қостанай облысы әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жылға дейін «Алматы қаласын дамытуорталығы» АҚ, «ЗаңгерКонсалтинг» ЖШС және «Тобыл»ӘКК басшылық қызметтерін атқарды.

2020 жылдың тамызынан 2022 жылдың ақпанына дейін Қостанай облысы әкімдігінің жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

— Бүгінгі таңда Қарасу ауданы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша аутсайдерлер қатарында. Осылайша, құрылыс жұмыстарында 99,8% – ға, инвестицияларда – 89,9% – ға, ауыл шаруашылығында-5,7% – ға теріс динамика байқалады. Сондай-ақ, жалпы өнеркәсіптің өсуіне қарамастан, өңдеуде 67,3% – ға төмендегенін атап өткен жөн, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Бақыт ТҰРАШ