Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Онда 2023–2024 оқу жылын аяқтау және жаңасына дайындық, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
«Бүгінгі таңда біздің басты міндетіміз – оқу жылының аяқталуын, сондай – ақ жазғы демалысты және балаларды сауықтыруды ұйымдастыру», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Мектеп түлектеріне арналған ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мамыр айының соңынан шілде айының ортасына дейін өтеді. ҰБТ-ны барлығы 3,5 мыңға жуық оқушы тапсыру жоспарлануда, бұл түлектердің жалпы санының 80% құрайды.
«Бұл көрсеткіштің оң динамикасы бар екенін атап өткен жөн», – деп атап өтті облыс әкімі. – «Мысалы, 5 жыл бұрын ҰБТ-ны мектеп оқушыларының 64% ғана тапсырған. Бұл оқушылардың жоғары білімді өз елімізде алғысы келетінін көрсетеді».
Мәселен, өткен жылы түлектердің 62% – дан астамы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсті, ал 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 48,7% құрады.
Бұл үрдісті мемлекет жоғары білім беруді гранттық қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтып отыратындығымен түсіндіруге болады, бұл қазақстандық жастардың шетелге кетуін айтарлықтай төмендетеді.
Мысалы, 5 жыл бұрын мемлекеттік білім беру гранттарында 976 бала білім алған, ал бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1 288 баланы құрайды. Соңғы 5 жылда гранттар саны 32% – ға өсті.
Биыл облыстың 11 қала сыртындағы лагерінде демалыспен 9 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда. Оның ішінде, бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы балалардың демалысы жоспарлануда.
«Жалпы, жыл сайын демалыс алатын балалар саны артып келеді», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов. – «Мысалы, соңғы 3 жылда балаларды жазғы демалыспен қамту 40% – ға өсті».
Мемлекет басшысы өз сөзінде салауатты өмір салтын насихаттаудың және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығы туралы бірнеше рет айтты. Өткен жылдан бастап Қостанай облысында облыстың ауылдық елді мекендерінде жаңа спорт нысандарының құрылысы басталды.
Бақыт ТҰРАШ