Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Трактор зауытының әлеуеті артты

30 мая 2024 9:19 • 427 просмотров

Қостанайда «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС жаңа өндірістік кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Онда «Беларусь» маркалы тракторларға арналған кабиналар шығарылатын болады. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Александр Рогожин, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин және «МТЗ» АҚ Бас директоры Виталий Вовк қатысты.

Бұл өндірісте 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Өндіріс ауқымы кеңейіп, бюджетке құйылатын салық түріндегі түсімдер ұлғаятын болады.

Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Александр Рогожин өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан тарапының машина жасау саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, жобаны іске асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Бұл жобаны іске асыру үшін 7,4 млрд теңге инвестицияланды. Өндірістік алаң 10000 шаршы метрге кеңейтілді. Кәсіпорында көптеген жаңа технологиялық жабдықтар орнатылды: дәнекерлеу роботтары, лазерлік кешендер, роботты праймер және ұнтақ бояу желісі және т. б.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз өнімдегі қазақстандық үлесті арттыру бойынша шаралар қабылдап жатырмыз», – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов. – «Қостанай Машина жасау компаниялары жыл сайын өндірісті жергіліктілендіруді арттыруда. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ металлургия, химия өнеркәсібі және компоненттер өндірісі сияқты байланысты салалардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бюджет түсімдерін ұлғайтатын болады».

Тұтастай алғанда, бұл жобаны іске қосу, өнеркәсіптік әлеуетті арттырудан басқа, адами капиталды дамыту –жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруды көздейді.

Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Александр Рогожин өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан тарапының машина жасау саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, жобаны іске асыруға көрсеткен қолдау үшін алғысын білдірді.

«Қазақстан мен Беларусь елдерін тек достық қана емес, сонымен қатар берік экономикалық қатынас та да байланыстырады», – деп атап өтті Беларусь өнеркәсіп министрі. – «Екі мемлекет Президенттерінің күш-жігерінің арқасында біздің елдеріміз арасындағы қатынастар тұрақты дамып келеді: тауар айналымы жыл сайын сенімді түрде өсіп, өзара қарым-қатынасымызды нығайтады. Қостанайда бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқаны қуантады. Облыс әкімдігінің арқасында кірме жолдарды салуды және инженерлік коммуникациялар объектісіне жеткізуді қоса алғанда, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері шешілді».

Бұл жобаны іске асыру үшін 7,4 млрд теңге инвестиция құйылды. Өндірістік алаң 10 000 шаршы метрге кеңейтілді. Кәсіпорында көптеген жаңа технологиялық жабдықтар орнатылды: дәнекерлеу роботтары, лазерлік кешендер және ұнтақ бояу желісі және т. б.

Тұтастай алғанда, бұл жобаны іске қосу, өнеркәсіптік әлеуетті арттырудан басқа, адами капиталды дамытуды, сондай-ақ жоғары технологиялық жұмыс орындарын құру арқылы жаңа құзыреттерді игеруді көздейді.

Бақыт ТҰРАШ, сурет Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды