Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз

27 июня 2024 9:32 • 376 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов барлық деңгейдегі әкімдермен ауылдық аумақтарды дамыту, елді мекендерді абаттандыру және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру барысына арналған кеңес өткізді.

Кеңес барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының Ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту және ауылда өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ауқымды жұмыстары туралы талқылады.

«2023 жылы ауылдарды дамытуға барлық қаржыландыру көздерінен 78 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл сома шамамен 100 млрд теңгені құрайды, бұл 22% – ға артық», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, облыс әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында үлкен жұмыс жүргізілуі тиіс.

«Жалпы, биыл облысты абаттандыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражат кешенді санитарлық тазалауға, көгалдандыруға, көше жарығын жаңғыртуға, заманауи балалар мен спорт алаңдарын орнатуға және т. б. бағытталады», – деді Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі «Таза Қазақстан» акциясы жай ғана бір реттік науқан емес, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуге және тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегия екенін ерекше атап өтті.

«Бұл акцияға жұртшылықты, жастарды, ҮЕҰ, ұйымдар мен бизнесті тарту қажетү Облысты абаттандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру барлық мүдделі тараптарды жұмылдыра отырып, кешенді және үйлесімді өтуі тиіс», – деп қорытындылады облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Кеңес Қостанай облысының ауылдық аумақтарын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін жемісті алаңға айналды. Кеңеске қатысушылар Ауылда өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылдады.

Бақыт ТҰРАШ