Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жайлы мектептердің құрылысын тексерді

11 июля 2024 9:27 • 343 просмотров

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс сапары аясында Қостанай, Рудный және Қостанай аудандарындағы жайлы мектептердің құрылыс нысандарын аралады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлерде оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектек» жобасы өз бастауын алды. Аталмыш бағдарлама аясында Қостанай облысында 1 980 орындық 3 мектептің құрылысы аяқталуда. 2025 жылға дейін облыста тағы тоғыз мектеп салынады, оның сегізі – «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде.

Ағымдағы жылы осы саннан алты мектепті, ал қалған екеуін 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Ұлттық жоба аясында салынып жатқан барлық мектептер заманауи оқу жабдықтарымен және жиһаздармен жабдықталатын болады. Ыңғайлы мектептердің жобалары қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған және мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке кіреберістері, спорт залдары мен асханалары бар бөлек блоктар қарастырылған.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, жобаны іске асыру облыс бойынша мектеп жасындағы 6 300 баланы сапалы оқыту үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Бақыт ТҰРАШ