Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция басталған болатын.
Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда.
«Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында КМ Ran Club жүгіру клубымен бірлесіп, қалада плогинг форматында «Жітіқара – біздің орталық үйіміз» атты жүгіру марафонын ұйымдастырды. Өткізілген шара барысында қатысушылар жұдырықша жұмылып, тазалау жұмыстарын жүргізіп, шағын аудандардың айналасын күл-қоқыстан арылтты.
Плоггинг (плоггинг) – жүгіру қоқыстарды жинаумен үйлесетін экологиялық қозғалыс.
Акцияға еріктілер, КМ Ran Club клубының қатысушылары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және аудан жастары қатысты. Іс-шараның басында плогинг қатысушылары марафон ережелерімен танысып, топтарға бөлініп қаланың барлық дерлік шағын аудандарын қамтыды. Шараға барлығы бес команда қатысты, олардың күшімен шамамен 700 кг қоқыс жиналды.
Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф. Г. Балашов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Д. Хайрат плоггинг қатысушыларына алғыс білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.
Қатысушылар жаңа экологиялық қозғалыс салауатты өмір салты мен табиғатқа қамқорлық жасаудың тамаша үйлесімі екенің атап өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары өз кезегінізде ЖК А. В. Ерафеева, С. А. Төлебаева, «Қостанай минералдары» АҚ мен «Соцсервис» ЖШС ұйымдарына демеушілік көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді.
Ұрпақты тәрбиелеу үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалыққа жаны жақын ұрпақ қалыптасатыны ақиқат.
«Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ