Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұлттық жоба жемісі

25 июля 2024 8:39 • 262 просмотров

Ауыл-аймақтарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі мәселе. Қостанай обысында»Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыстағы ауыл-аймақтарда 25 денсаулық сақтау нысанын салу көзделген.

Ауылды жерлердегі медициналық ұйымдар шұғыл араласуды талап ететін түрлі сырқаттарды анықтап, емдеуде шұғыл медициналық көмекті толық көлемде көрсете алмайды. Олқылықты жою мақсатында, елімізде өткен жылдан бері «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыста талқыланды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыстағы ауыл-аймақтарда 25 денсаулық сақтау нысанын салу көзделген. Бүгінгі таңда Әулиекөл, Қостанай, Ұзынкөл және Федоров аудандарында 4 нысан іске қосылды. Лисаков қаласы мен Қостанай ауданында 2 нысан құрылысы аяқталып қалды.

Облыста медицина қызметкерлерін тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері еліміздің басқа аймақтарынан 86 тәжірибелі дәрігер келді. Облыстық бюджет есебінен ауылдық жерлерге көшіп келетіндерге 5 млн. Теңге, қалаға келетіндер үшін – 3,5 млн теңге мөлшерінде қолдау қаражаты төленеді.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жас мамандарға 100 АЕК (369,0 мың теңге) мөлшерінде қолдау қаражаты беріліп, тұрғын үй сатып алуға 8 млн теңге мөлшерінде жеңілдікпен кредит беру көзделген.

Ауыл тұрғындарының сапалы медицинаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері әр әкімнің бақылауында болуы тиіс.

Бақыт ТҰРАШ