Қостанай ауданының Тобыл қаласында «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарының құрылысы басталды. Ұйымдастырушы – Қостанай ауданының әкімдігі. Олар үлкен жобаны ерекше форматта таныстыруды шешті. Әр адам ашық аспан астында ұйымдастырылған концертке қатыса тегін қатыса алды. Кештің басты жұлдыздары – Назима мен «Ирина Кайратовна» тобы.
Іс-шара Әулиекөл тасжолының үшінші шақырымында өтті, өйткені дәл осы жерде болашақта жерде жаңа шағын аудандар бой көтереді. Келушілер үшін мұнда крафт-ойындар, фуд-корт, фотоаймақ ұйымдастырылып, еріктілер бәріне қалпақ пен футболка таратты. Іс-шарада Қостанай мен Тобыл қалаларының тұрғындары ғана емес, іргелес жатқан Рудный қаласы мен ауыллдардан да көрермендер келді.
— Ұйымдастырушыларға осындай талантты орындаушыларды таңдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл жастарды қуаттандыруға және сүйікті орындаушыларды тыңдауға үлкен мүмкіндік. Мен Назима мен «Ирина Кайратовна» тобының жанкүйерімін. Мен олардың өнер көрсететінін білгенде өте қуандым. Жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған. Тобыл қаласы үшін мұндай іс-шара бірінші рет өтіп отыр, – дейді Қостанай ауданының жастар ресурстық орталығының еріктісі Томирис Жантемірова.
Қонақтар үшін ұтыс ойындары да өткізілді. Концертке қатысқандардың барлығы баннерлердегі QR кодын сканерлеп сыйлықтар ұтысына қатысты. Олар сағаттар мен сымсыз құлаққаптар, тоңазытқыштар, теледидарлар, телефондарға ие болды.
Концерттің ресми бөлігінде Қостанай ауданының әкімі Берік Танжарықов құттықтау сөз сөйледі.
— Барлығын құрылыстың басталуымен құттықтаймын. Бұл екі шағын аудан жаңа бастама мен жаңа өмірді білдіреді. Бұл жерде бас-аяғы 154 үй жоспарланған. Мұнда бірқатар жаңа архитектуралық шешімдері болады. Жалпы, екі шағын аудан қала ішіндегі қала қағидаты бойынша салынады, – деді аудан әкімі Берік Таңжарықов.
Бұдан соң Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құрылысты бастау үшін сахнаға шығып, бастау берді. Осы уақытта төрт экскаватор жұмысқа кірісіп, атап айтқанда іргетасқа арналған шұңқырды қазды.
— Сіздер қаламыздың маңызды оқиғасының куәсі болдыңыздар. Бірнеше жылдан кейін сіздер бұл жерді танымайсыздар. Мұнда заманауи үйлер, ойын-сауық және әлеуметтік нысандар болады. Бүгіннен бастап Қостанай ауданының Тобыл қаласы 176 гектарға кеңейтілетін болады. 1 млн м2 тұрғын үй іске қосылады. Бұл 60 мың халыққа арналған 14 мыңнан астам пәтер, – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.
Шағын аудандар жаңа заман талаптарына сай жобаланған, мұнда ақылды аялдамалар, бейнебақылау, кең жолдар болады. Еліміздегі ең ірі спорт кешенінің бірі, сондай-ақ үлкен ойын-сауық орталығы салынады. Басты назар аударарлық орын еліміздің картасы түріндегі Тәуелсіздік саябағы болады және ол шағын аудандардың қақ ортасында орналасады.
Сондай-ақ, табиғи орман арасында әр тұрғын үшін демалыс аймағына айналады, сонымен қатар жаяу жүргіншілер саябағы, веложолдар, аллеялар, балалар мен спорт алаңдары, тыныш демалыс орындары, көгалдар мен субұрқақтар. Ең бастысы, биыл алғашқы 12 үйдің құрылысы басталады.
Бақыт ТҰРАШ