Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауданның әлеуеті артық

8 августа 2024 9:15 • 561 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір қалалары мен аудандарды аралап, тұрғындармен кездесуді жалғастыруда. Бұл жолы облыс басшысы Қостанай ауданының халқымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай ауданы облыс орталығымен іргелес жатқан соң жағдайы да басқаларға қарағанда көш ілгері. Сол себепті жыл сайын инфрақұрылымдық жобалар табысты іске асырылуда. Мәселен. Половников ауылында 1600-ден астам тұрғынды таза сумен қамтамасыз ететін жаңа су сорғы станциясы іске қосылды. Жыл соңына қарай сумен жабдықтау деңгейін 87%-ға дейін арттыра отырып, тағы 8 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Аудан тұрақты дамып келеді. Бюджет 88%-ға ұлғайып, 31,4 млрд теңгеге жетті.

Ауданның дамуына жергілікті бизнес те елеулі үлес қосуда. Оған Тобыл қаласында 100 орындық «Бөпем-ай» жеке балабақшасының ашылуы жарқын мысал. Өңір басшысының ауданға жасаған іссапары барысында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашатын жобалар да таныстырылды.

Аудан әкімі Берік Таңжарықов ауданның әлеуемттік-экономикалық өсуі туралы баяндады.

— Өткен жылмен салыстырғанда аудан бюджеті 88% – ға ұлғайып, 31,4 млрд теңгені құрады. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін жалпы сомасы 4,3 млрд теңгеге 64 кредит берілді. 51 елді мекеннің 35 мыңнан астам тұрғыны бар 34 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл 76,5% құрайды. Жыл соңына дейін 8 елді мекенді сумен жабдықтау объектілерінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз: Октябрь, Айсары, Половников, Константинов, Садовое, Еңбек, Талапкер, Рыспай, бұл жыл қорытындысы бойынша сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету пайызын 87,0% – ға дейін арттырады, – дейді Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов.

Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар жолдардың үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда – 46,3% -. құрайды.

2022 жылы 600,0 млн.теңге сомасына 18,4 шақырым жол жөнделді, 2023 жылы 1,4 млрд теңге сомасына 75 шақырым жол жөнделді, ағымдағы жылы автожол саласының бюджеті шамамен 3,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдар көлемінен 4 есе көп. 23 елді мекенде 44 көше және аудандық маңызы бар 5 жол учаскесі жөнделеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Тобыл қаласындағы «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарын салу бойынша жоба әзірленді. Онда биіктігі 5-тен 24-қабатқа дейінгі 154 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Осы құрылыстың арқасында 1 млн шаршы метр тұрғын үй қорын енгізу көзделуде-бұл 60 мыңға жуық халықты қамти отырып, 14 мыңнан астам пәтер салу.

Бүгінгі таңда электрмен жабдықтаудың, сумен жабдықтаудың алаңнан тыс желілері мен жаңа үйлерге газ қазандығының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта жаңа шағын аудандарда 9 үйдің құрылысы басталды.

Жұмыс сапарының соңында тұрғындармен кездесу өткізіп, ауданның даму перспективаларын талқыланды.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды