Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Экономикада өсім бар

29 августа 2024 8:59 • 319 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақақалов облыс мәслихаты депутаттарының алдында өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс басшысы атап өткеніндей, табиғи ресурстары мол, инфрақұрылымы дамыған Қостанай облысы инвесторларды өзіне тартып отыр. Осының арқасында облыста өнеркәсіп өндірісі үздіксіз өсіп келеді және республикада алтыншы орынға ие.

Осыған қарамастан, облыс әкімдігі өнеркәсіп өндірісі көлемі бойынша үздік үштікке енуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа жетуде ірі өнеркәсіптік жобалар маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта облыста шойын құю зауыты, KIA автомобиль және автокомпоненттер өндіретін зауыт салынып жатыр. Сонымен қатар, биыл «Chevrolet Onix» автокөлігінің бөлшектерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды. Бұл жобалардың іске асуы облыстың экономикалық әлеуетін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар облыс тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашады.

— Жобалардың толық өнімділігіне қол жеткізген кезде өңір айтарлықтай қосымша көлемге ие болады, бұл өнеркәсіптің республикалық рейтингінде үштікке кіруге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өңделген өнім үлесін 3 жыл ішінде 70%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау үшін жаңа ірімшік өндіру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Зауыттың іске қосылуымен біз облыстағы өңделген сүттің үлесін 60%-ға дейін арттырамыз. Қазан айында кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт құрылысы басталады. Сонымен қатар, біз облыста өсірілген дақылдарды өңдеудің толық циклін ұйымдастыру үшін жаңа инвесторларды тарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Мәселен, биыл шілде айында ШЫҰ саммитін өткізу шеңберінде бидайды терең өңдеу зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру жөнінде шарт жасалды. Және «АС Agro»ЖШС ірі түрік холдингін тарта отырып, дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын салу мәселесі пысықталуда. Бұл кәсіпорындар облыстың ғана емес, сонымен қатар көрші облыстардың дәнді және бұршақты дақылдардың өңдейтін болады., – деп атап өтті өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, мал шаруашылығын дамыту және сүт өндіру көлемін ұлғайту үшін сүт фермаларын салу жалғасуда.

Қазіргі уақытта 6 ферманың құрылысы басталды, оның ішінде Меңдіқара және Федоров аудандарында екі ферма. Қарабалық және Алтынсарин аудандарында бір ферма салынып жатыр. Бұл ұйымдасқан шаруашылықтарда өнім өндірісін 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді және сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 86%-ға дейін қамтамасыз етеді.

–2024 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға 65% өсіммен 175,0 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалды. Сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 163 мың тонна дизель отыны бөлінді. Жалпы астық жинау көлемі былтырғы деңгейден асып, 5 млн.тоннадан асады деп болжап отырмыз. Бұл облыстар арасындағы рейтингтегі позициямызды жақсартуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Жол саласында да қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. 108 елді мекенде 1 200 шақырым автожол мен 371 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс жолдарының сапасын жақсарту үшін биыл автожол саласының бюджеті 32% ұлғайтылып, 73,8 млрд теңгені құрады.

— Айта кету керек, автожолдардың жергілікті желісін жөндеуге бағытталған 36,6 млрд.теңге – республика бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген ең ірі сома, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Инвестициялық жағдайдың қолайлылығы мен үкімет қолдауы ірі жобаларды сәтті іске асыруға мүмкіндік бермек. Экономиканың өсуі, өз кезегінде, халықтың өмір сүру деңгейін көтеріп, әлеуметтік саланы жақсартуға мүмкіндік береді.

Облыстың экономикалық дамуының тұрақтылығын жергілікті бюджетке салық төлемдерінің түсуі туралы мәліметтер де растайды. 2024 жылғы 7 айда бюджет кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,4%-ға өсті.

— Қостанай облысы экономикалық өсімінің жоғары қарқынын көрсетіп, сенімді түрде алға бағыт алып келеді. Ірі жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру – облысты дамытудың басты бағыттары, – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Ағымдағы жылы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қостанай жастары» бағдарламасын іске асыруға 2,1 млрд.теңге бөлінді. Соның арқасында 130-ға жуық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімдігі, ERG және «Отбасы банк» АҚ арасында «ССКӨБ»АҚ қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жеңілдікті бағдарламаны енгізу бойынша меморандум жасалды. Қаржыландырудың жалпы көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды, бұл 100-ге жуық отбасын өз тұрғын үйімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауқымды және бірегей жобалардың бірі – «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының құрылысы. Мұнда 154 көпқабатты тұрғын үй салынады. Нәтижесінде тапсырыс бойынша 60 мың адам тұрғын үй жағдайын жақсартады.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына ұзындығы 616 шақырым магистральдық газ құбырын салу бойынша ірі жоба іске асып жатыр. Бұл жоба облыстың елді мекендерін газбен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірді одан әрі индустрияландыруға да септігін тигізеді.

— Құрметті депутаттар, бұл жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қысқаша ақпарат. Біздің алдымызға қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер тұрақты бақылауда, жобаларды іске асыру кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, – деп сөін түйді Құмар Ақсақалов.

Бұдан соң депутаттар өңір башсысына сұрақтар қойып, біраз мәселені талқылады.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды