Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Федоров ауданына іссапармен барды. Жұмыс сапары аясында Құмар Ақсақалов Федоров ауданындағы халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Пешков ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құмар Ақсақалов ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Бірлескен әрекеттер ауылды дамыту үдерісін жеделдетіп, тұрғындарды барлық қажетті игіліктермен қамтамасыз етуге көмектеседі.
Федоров ауданының орталығында ұш қабатты 24 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. 13 қыркүйекте оны халықпен кездесуге келген Қостанай облысының әкіміне көрсетті. Пәтерлерді сату «Отбасы банк» АҚ арқылы жүзеге асырылады, ауданда – 1000-нан астам салымшы бар. Бұл құрылыс жобасын іске асыру мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына дейін. Мердігер «Ақжан және біз» ЖШС. Айтпақшы, жақын жерде сол дизайндағы жалға беру үйі орналасқан.
Жалпы ауданы 1 529,4 шаршы метр болатын несие үйінде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер сатып алуға болады. Облыс әкімі салымшыларға не шығын әкелетінін сұрады. Банк өкілі бір бөлмелі пәтердің құны 6 млн 600 мың теңге, екі бөлмелісінің құны шамамен 9 млн үш бөлмелі пәтер шамамен 11 млн теңгені құрайтынын айтты.
Егер тұрғын үйді халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылған адам сатып алса, онда ол үшін ипотекалық мөлшерлеме 2%, қалғандары үшін – 5% болады. Бір бөлмелі пәтер үшін әлеуметтік осал санат үшін ай сайынғы төлемдердің шамамен сомасы – 36 000 теңге, екі бөлмелі пәтер үшін – шамамен 40 000 теңге болады.
Сондай-ақ, ауданда ауыл шаруашылығы саласының мал шаруашылығы бағытында қолға алынған бірнеше жоба бар. Солардың ең елеулісі – «Олжа Алтын Инвест» ЖШС салып жатқан жаңа сүт-тауар фермасы. 1200 басқа арналған нысанның құрылысы бір ай бұрын ғана басталды. Екі кезеңге бөліп іске асыру көзделіп отырған жобаның жалпы құны 5 млрд теңгеге жуықтайды.
«Жобаның алғашқы кезеңін осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарда бар. Ал екінші нысан алдағы жылдың мамыр айында іске қосылмақ. Содан осң 2025 жылы 1200 ІҚМ әкелінеді. Жобаға бағытталып отырған соманы үнемдеп, 4,5 млрд теңге жұмсауды көздейміз. Мемлекет ұсынған несиені неғұрлым азырақ алу ойымызда бар. Негізі, болашақ кәсіпорынның әлеуеті 2 мың бас ІҚМ ұстауға да жетеді», – дейді «Олжа Алтын Инвест» ЖШС бас директоры Әлішер Ходжаназаров.
Өңір басшысы жобаға қолдау ретінде, берілген несиенің жартысы төленгенін айтып, нысанды жедел тұрғызуды міндеттеді. Жобаға жауапты мамандардың айтуынша, қолға тиген қаражат мақсатты түрде жұмсалып, мердігер компанияларға аванс төленген, қажетті құрылыс материалдары қазірдің өзінде жан-жақтан әкеліне бастапты.
Федоров ауылында 24 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Жобаның құны 408 миллион теңгені құрайды, ал құрылысты аяқтау 2024 жылдың қазанына жоспарланған. Бұл үйдің пайдалануға берілуі ауданның көптеген отбасыларының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік беріп, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосады.
Кравцово және Александрополь ауылдарында жаңа су жүйелері іске қосылды. Қазіргі заманғы коммуникацияларға 159 абонент қосылған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 220,5 миллион теңгені құрайды. Сапалы сумен қамтамасыз ету ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған маңызды міндет болып табылады.
Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов «Олжа Алтын Инвест» ЖШС-нің салынып жатқан сүт-тауар фермасына барды. 1200 басқа арналған бұл жоба екі кезеңде жүзеге асырылады және 4,96 миллиард теңге көлемінде инвестицияны қажет етеді. Бұл ферма аймақтағы агроөнеркәсіп саласының маңызды нысандарының бірі болып, жұмыс орындарын ашуға және сүт өнімдерін өндіруді арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Сапар соңында әкім Федоров ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңірді дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Құмар Ақсақалов билік пен халық арасындағы ынтымақтастық ауылдық аумақтарды табысты дамытудың басты факторы екенін атап өтті.
Бақыт ТҰРАШ