Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа кәсіп – жаңа мүмкіндік

3 октября 2024 9:15 • 278 просмотров

Сарыкөл ауданында сегіз жеке кәсіпкерлік нысаны ашылды. Бұған мемлекеттік қолдау шараларының ықпалы тиді.

Жаңа кәсіпорындардың бірі – тігін шеберханасы. Бұл бизнес-идеяның иесі – екі баланың анасы Наталья Фокина. Бастама халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына арналған гранттың арқасында іске асты.

«Жобаның алғашқы кезеңінде маған Сарыкөл ауданындағы кәсіпкерлер палатасының филиалы қолдау көрсетіп отыр. Бұл жерден қажетті жәрдем мен кеңес алып отырмын. Жоспарымның жүзеге асуына демеу берген үкіметімізге алғысым шексіз», – дейді Наталья.

Ол бөлінген қаржыға тігін машинасы және басқа да қажетті құрылғылар мен материалдар сатып алған. Мұндай көмек бизнесті бастауға және дамытуға зор серпін берері анық. Мәселен, ескі жұмсақ жиһаздарды қаптаумен айналысатын кәсіпорынмен арада бизнес-әріптестік орнап үлгерген.

Жалпы, жыл басынан бері ауданда Палата филиалы бизнеске 460 түрлі қызмет көрсеткен. Облыстық Палата директоры Данияр Күзенбаевтың айтуынша, мемлекеттік қолдау шаралары шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуге жол ашады, жаңа жұмыс орындары құрылады. Соның арқасында өңір экономикасының қуаттана түсері сөзсіз.

 Бизнес

Жан ҚҰРМАШҰЛЫ, сурет облыстық Кәсіпкерлер палатасынан