Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Экономикада өсім бар

17 октября 2024 13:27 • 297 просмотров

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің айтуынша, жалпы ішкі өнім 4% өскен. Экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл – әртараптандыру шараларының нәтижесі.

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қаржы министрі Мәди Такиев, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады. Салалық динамика және инвестиция тарту бойынша жоспарлы көрсеткіштерден артта қалған бірқатар өңір әкімдері тыңдалды.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша осы жылдың 9 айында ЖІӨ өсімі 4%-ға жетті. Бұл көрсеткіш негізінен ауыл шаруашылығы (+11,4%), құрылыс (+10,1%) және сауда (+6,3%), өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) салаларындағы оң серпінмен қамтамасыз етілген. Аталған кезеңде мұнай өндіру көлемі төмендеп кетті.

Премьер-Министр мұнайдан тыс секторлардың есебінен экономиканың өсуі Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес экономиканы әртараптандыру шараларының жалғасып жатқанын көрсететінін атап өтті.

Биыл экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Бұған экономиканы әртараптандыру шараларының нәтижесінде қол жеткізілді.

Әкімдіктер мен министрліктердің мақсатты экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізудегі белсенді жұмысының маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңда негізгі параметрлер бойынша Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында тұрақты өсімге қол жеткізілді. Ең төмен көрсеткіштер Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді.

«Артта қалған салаларды жеделдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдап, күнделікті мониторинг жүргізу керек. Әкімдіктер өңдеу өнеркәсібін қолдауға, сондай-ақ құрылыс пен сауданы ынталандыруға баса назар аударуы қажет. Мұнда үлкен резервтер бар», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыста негізгі капиталға инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. 9 айдың қорытындысы бойынша 11 өңір жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізген жоқ.

«Салалық министрліктер мен әкімдіктер өнімді сату нарықтары мен экспорттық тауарларды кеңейту үшін кәсіпкерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетуге тиіс. Өндірістерді Қазақстанға көшіру үшін шетелдік кәсіпорындарды іздеп тауып, осында орналасқан өндірістерде локализацияны арттыруға жәрдемдесу керек. Жылдың соңына дейін негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша нысаналы индикатордың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бәріңізге осындай міндет қойып отырмын», – деп тапсырған Олжас Бектенов, Өңдеу секторы, агроөнеркәсіп, көлік және логистика, сондай-ақ сумен және электрмен жабдықтау салаларын ерекше назарға алу керектігін атап өтті. Сыртқы істер министрлігіне инвестиция тарту жұмысын күшейтіп, оның нәтижесі мен проблемалық мәселелерді Инвестициялық штаб отырыстарына ай сайын ұсынып отыруы міндет етіп қойылды.

Инфляция деңгейін бақылау мен төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Премьер-Министр өңір әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Қыркүйек айында инфляция 8,3%-ға дейін баяулады.

Басым міндеттердің бірі отандық тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық қамту үлесін арттыру болып қала бермек. Премьер-Министр өсу әлеуеті жоғары шағын және орта кәсіпорындарды қолжетімді қаражатпен қамту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Өнеркәсіп, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері «Атамекен» палатасымен бірлесіп, отандық тауарларды қолданудың тиімді мониторингін қамтамасыз етуі қажет.

Қаражатты игеру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаржылық тәртіпті күшейту тапсырылды.

«Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың соңына дейін барлық ресурстарды экономиканың сапалы өсуіне жұмылдыруы керек. Қазіргі жағдайда бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осы бағыттағы күш-жігерді еселей түсу қажет. Ол үшін министрліктер мен өңірлер үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі тиіс», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында вегетациялық кезеңнің өту қорытындылары қаралды. Су ресурстары және ирригация, ауыл шаруашылығы министрлерінің, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Елімізде биылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығы болған жоқ. Дихандар егін шығынынсыз, толық көлемде егіндік сумен қамтамасыз етілді. Оңтүстік аймақтарға тұрақты суару үшін 10,9 км3 су берілді. Жалпы көлемі 1,5 млн гектардан астам суармалы жерлерде биыл шаруалар дәнді, майлы дақылдар, жемшөп, бақша дақылдарын, мақта, картоп, күріш, көкөністер, қант қызылшасын өсірді. Оның ішінде 397,3 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиялары пайдаланылды.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экономика салаларында, әсіресе ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын кеңінен қолдану керектігін атап өтті. Елімізде су қоры көп емес. Сондықтан оны барынша үнемдеп жұмсап, халықты ғана емес, бірінші кезекте бизнесті соған ынталандырып отыру керек. Өңірлер су үнемдеу технологиялары бар егіс алқаптарын ұлғайту жөніндегі индикаторларға қол жеткізуі тиіс», – деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарынан едәуір артта қалған аймақтар аталды. Мәселен, Жамбыл, Қарағанды және Атырау облыстарының бекітілген индикаторлары төмендетіп жіберді, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары жоспарды орындай алмады.

Аталған өңірлердің әкімдіктеріне көрсеткіштерді қайта қарап, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Суару тиімділігін арттыру арқылы белгіленген жоспар артығымен орындалған Қызылорда облысы оң мысал ретінде келтірілген. Бұл тәжірибені басқа өңірлерде, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде қолдану керек, деп атап өтті Олжас Бектенов. Сондықтан су үнемдеу технологияларын қолданып, суды көп қажет ететін дақылдар аумағын оңтайландыру бойынша шаралар қабылдаған жөн.

Премьер-Министр вегетациялық кезеңде көрші елдермен сапалы келіссөздер жүргізудің маңызы зор екенін атап өтіп, мемлекеттік органдар мен шекаралас өңір әкімдіктеріне тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Су ресурстары және ирригация және Ауыл шаруашылығы министрлігі су қоймаларын толтыра отырып, суару кезеңінде судың ысырап болуын азайту арқылы келесі вегетациялық кезеңнің басталуына сапалы дайындық жүргізуі қажет.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мүмкіндігінше қысқа мерзімде Су ресурстары және ирригация министрлігімен егіншілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау және су үнемдеу технологияларын инвестициялау кезінде шығындарды өтеу функцияларын да бекітіп бергені жөн.

Су үнемдеу технологияларын ынталандырудың жаңа тетіктерін әзірлеу маңызды. Ауыл шаруашылығы және Су ресурстары және ирригация министрліктеріне тиісті тапсырма берілді. Мемлекеттік органдардың міндеті – су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы алқаптарды жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту.

Бақыт ТҰРАШ, сурет ҚР Үкіметінің сайтынан алынды