2024 жылғы 10–12 қазан аралығында Астанада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына және республика күнін мерекелеуге орайластырылған көкпардан республикалық турнир өтті.
Қостанай облысының командасы шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
Турнир аясында қостанайлық шабандоздар Қарағанды облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының командаларын 2:0 есебімен жеңді. Астана командасына қарсы финалдық кездесуде біздің спортшылар 4:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің басты жүлдесін жеңіп алды.
Қостанай облысы командасының құрамы:
1. Асан Тобылбек – Доллар;
2. Өтеген Ернұр – Домбыра қасқа;
3. Жалелов Малик – Олжа;
4. Бірмағамбетов Нұрсат – Сомбалақ;
5. Каспаев Дали – Лексус;
6. Абиболла Мейіржан – Альтаир;
7. Мустафин Дидар – Аспархан;
8. Қожабеков Нұрбол – Гулсары;
9. Манетов Бексұлтан – Панаехали;
10. Қасқырбай Дархан – Нұртөбел;
11. Қабдрахман Ераділ – КБС;
12. Абылайхан Жүрсін – Атырау қасқа.
Бұл жетістік біздің облыстағы ұлттық спорт түрлеріне дайындық пен адалдықтың жоғары деңгейінің кезекті дәлелі болды. Біз спортшыларымызға еңбекқорлығы, батылдығы және ұлттық спорт дәстүрлерін сақтап, дамытқысы келгені үшін алғыс білдіреміз.
Бақыт ТҰРАШ