Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа мешіт ашылды

17 октября 2024 14:00 • 207 просмотров

Қарабалық ауданының Бозкөл ауылында жаңа мешіт пайда болды. Бұрын-соңды мұндай ғибадат орны болмаған ауылдың жамағаты бұл ізгі жаңалыққа дән риза болысты.

Мешіт Бозкөл ауылының тумасы, бүгінде Астана қаласында тұратын Бақытжан Қасымұлы Ертаевтың демеушілігімен салынып, жергілікті жұрттың игілігіне беріліп отыр.

Ауыл мешітінің ашылуына облыстың бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, найб имамдар – Әлішер Балахмет пен Серік Рахым арнайы барып қатысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қуанышты сәтке халық көп жиналды.

«Мешіт – адамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа, ізгілікке бастайды. Өмірге деген үміт шырағын жағады. Сондықтан бүгінгі мешітіміз талай жанға мейірім шуағын сыйлап, игі істер атқаруына себеп болар орын болғай. Бақытжан ағамызға жамағат атынан Алла разы болсын», – деп шынайы алғысын айтты бас имам.

Ауыл ақсақалдары да бастамашы азаматтарға тұрғындар атынан алғыстарын айтып, «Қасым ата мешітінің» осындағы мұсылман қауымының құтханасына айналарына кәміл сенім білдірді.

Жан ҚҰРМАШҰЛЫ