Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қос елдің елшілерін қабылдады

24 октября 2024 9:18 • 323 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Өзбекстан және Литва республикасының елшілерімен кездесті.

Кездесу ясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Литваның өңірімізде ашылған Құрметті консулдығының маңыздылығын атап өтті. Бұл – байланыстардың нығаюын білдіреді және бірлесіп дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Қостанай облысы Қазақстан экономикасын дамыту бойынша көш бастап тұр. 2023 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 5,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2%-ке артық. Облыстың сыртқы экономикалық байланыстары әлемнің 109 елін қамтиды, олардың ішінде Литва мен Өзбекстан ерекше орын алады.

Сонымен қатар, әкім өңірдің зор агроөнеркәсіптік әлеуетін атап өтті, біз астықтың төрттен бірінен астамын өндіреміз. Қостанай облысы Өзбекстан, Грузия және Қытайды қоса алғанда, бірқатар елдерге астық, ұн және басқа да өнімдерді экспорттайды.

Машина жасауды, атап айтқанда, соңғы жылдары тұрақты өсуді көрсететін автомобиль жасау саласын дамытуға басты назар аударылды. Жаңа жобалар, соның ішінде KІА зауыты іске қосылады деп күтілуде, нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылады.

Құмар Ақсақалов Қостанайдың индустриалды аймағында қолайлы жағдайлар жасаймыз деп, литвалық және өзбек инвесторларымен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Ауыл шаруашылығын әртараптандырудың маңыздылығы

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысына қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды және 2024 жылғы егінді сақтау мен өткізу мәселелері болды.

Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығының ел экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығын белгіледі. Ол бұл саланың дамуы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырумен және әлеуметтік мәселелерді шешумен тығыз байланысты екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін екі есеге арттыру міндетін қойды және бұл мемлекеттің, бизнес пен қоғамның тығыз ынтымақтасуының арқасында ғана мүмкін болады.

Облыс әкімі мал басы мен азық-түлік өндірісінің төмендегенін көрсететін статистикалық деректерді ұсынды. Соңғы 20 жылда ірі қара мал саны 20%-ке, ал ет өндірісі 53%-ке төмендеді. Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығындағы тәсілдерге өзгерістер енгізу қажет екенін дәлелдейді.

Құмар Ақсақалов бар проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар шараларды атап өтті. Атап айтқанда, ол жер иелерін көп салалы өндіріспен айналысуға міндеттейтін заңнамалық бастамаларды енгізуді, жер пайдалану ережелерін жақсартуды және топырақ жағдайына бақылауды күшейтуді ұсынды.

Облыс әкімі депутаттарды ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету және ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыру үшін заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға шақырды.

Бақыт ТҰРАШ, сурет Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды