Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тыңайтқыштар көлемін арттырған

31 октября 2024 9:10 • 378 просмотров

Республиканың астық егетін үш өңірінің арасында Қостанай облысы тыңайтқыштар көлемін көбірек сатып алған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыста айтылды.

Облыстық бюджеттен тыңайтқыш құнының 60% өтеу үшін ақша бөлінді. Қалған 40% – фермерлердің өздері төлеуге тиісті.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, минералды тыңайтқыштарды қолдану, бұл ең маңызды мәселелердің бірі.

— Онсыз өнімділікті арттыру мүмкін емес. Бұған Қостанай облысының бірқатар шаруашылықтарының оң тәжірибесі дәлел бола алады. Мысалы, бірінші климаттық аймақ – Ұзынкөл ауданы «Береке жер» шаруа қожалығы орташа өнімділігі гектарына 33 центнер. Екінші климаттық аймақ, бұл Б. Майлин ауданы. «Адлет Т» ЖШС – бидай өнімділігі гектарына 22 центнер. Алтынсарин ауданы да «Айдала» ЖШС-нің екінші климаттық аймағына жатады, гектарына 22 центнер. Мұндай мысалдар көп. Мұның бәрі минералды тыңайтқыштарды жүйелі қолданудың нәтижесі. Сонымен қатар, тыңайтқыштарды қолдану топырақтың құнарлы қабатын сақтау болып табылады. – Аграршылар топырақтың құнарлылығын сақтап, арттыруы қажет, – деп атап өтті өңір басшысы. – Болашақта бұл үшін жауапкершілік тек күшейтілетін болады. Сондықтан жеңілдетілген несиелеу бойынша қаражат минералды тыңайтқыштарды сатып алуға бағытталуы керек, – деді өз сөзінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, ол облысқа тыңайтқыштарды жеткізу кестесін екі апта бойы пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, қараша айында «Кен Дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Бұған дейін мемлекет 100 млрд теңге бөледі.

— Өкінішке қарай, біз әрқашан кешігіп, көктемде несие беретін едік. Қазір осы жылдың соңында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер несие алуға мүмкіндік туды. Бұл 5% жеңілдік бағдарламасы. Егер фермерлер алты айға несие алса, онда төлем 2,5% болады. Көптеген адамдар оны пайдаланады. Қазір біздің алдымызда «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ алдындағы берешекті қысқа мерзімде өтеу және қайта кредиттеуге өтінім беруді жедел ұйымдастыру міндеті тұр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 5% ставка бойынша техника сатып алуға да үлкен қолдау көрсетілетін болады, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Оның айтуынша, бұл бағытта шаруаларды отандық техниканы сатып алуға бағыттау маңызды.

Бақыт ТҰРАШ