Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 12 желтоқсанында ашылып, Назарбаев Зияткерлік мектептердің қатарына он жетінші болып қосылды. Содан бері аталмыш білім ұжымы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Оқушылары да елімізде және шет елдерде
бірнеше мәрте жеңімпаз атанған.
Мектеп іскерлі оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға, білімін қалыптастыруға көмектесетін біліктілігі мен дағдысын дамытуға, адами құндылығы жоғары, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзінше дамуға ұмтылатын, шығармашыл, физикалық және рухани дамыған азамат тәрбиелеуге бағытталған.
Қостанайдағы Назарбаева зияткерлік мектебінің оқушылары «Тики дрон» бағдарламасын іске асырды. Дәлірек айтсақ, заманауи дронның көмегімен 100 гектар алқапқа ағаш еккен.
«Бұл қондырғы жасанды интеллект күшімен басқарылады. Қолданушы қойған картадан қайда отырғызу керектігін тауып, капсулаға салынған өсімдік тұқымдарын себуге қабілетті», – дейді жобаның мүшесі София Ыбыраева.
Құрылғыға көлемі төрт литр контейнер орнатылған. Диспенсері бірнеше шнекпен жұмыс істеп, әрқайсысы бір-бір механизм атқарады. Жылдамдықты оқушылар өздері бақылап отырады. Оқу орнының оқушылары Kostanay digital day- 2024 форумына бұдан бөлек төрт жоба ұсынды.
«Біздің оқушылар таныстырылымға бес жоба алып келді. Оның екеуі тұрмыс қалдықтарын кәдеге жаратуға бағытталды», – дейді оқу орнының физика пәні мұғалімі Мейірхан Исмағұлов.
Мәселен, оқушылар темекі қалдықтарынан ойыншық жасауды ойлап тапты. Абитуренттерге келешекке жол сілтеп, кеңес те бере алады. «Ұстаз» бағдарламасы арқылы өзге ұлттың балаларын қазақ тіліне баулуды бастап кетті.
«Осы жобаны қазақ тілін жаңа үйреніп жүрген балаларға арнадық. Бағдарламаға жпти мен ейпиай қостық. Олар бір-бірімен жұмыс істеп, қазақ тілін жеңіл оқуға мүмкіндік берді», – жобаның мүшесі Бауыржан Әмірғалиев.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2035 жылға дейінгі стратегиясы білім беру саласындағы жаңа әлемдік үрдістерді ашады. Бұл үрдістер тек білім берудің жаңа форматтарын іздеуге ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісінің барлық қатысушыларының жаңа рөлдеріне және олардың әл-ауқатына негізделген. 2035 жылға дейінгі Стратегияда Қазақстанда және басқа елдерде білім беру сапасын арттыруға үлес қосу мақсатындағы ДББҰ-ның тұрақты дамуының ұзақ мерзімді жол картасы ұсынылған.
Осы форумның алдында ғана ҚИнЭУ -дің жас ғалымдары бағдарламашыларды оқытудың сегіз грантын ұтып алды. Ең алдымен бұлар «Астана хаб-тың» резиденті болды.
Аккредиттеуден өтіп, ниет танытқан болашақ мамандарға тегін білім алу мүмкіндігін сыйлап отыр.
«Астана хаб-тың» ұйымдастыруымен алғашқы рет өңірде бағдарлама мектебін аштық. Онда 18–45 жасқа дейінгілер білім ала алады. Курстың мерзімі жарты жыл. Оқытушыларымыздың барлығы халықаралық мектептерде білім алған. Алғашқы алгоритмінен бастап, телеграм бот құра алатындай, банкоматтағы карточка бағларламасын жаза алатындай болып шығады», – «Дулат код» аити мектебінің оқытушысы Нұргүл Үдербаева.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептері Кембридж Университетінің эксперттерімен бірлесіп жасалған Кіріктірілген Білім беру бағдарламасымен іске асырады.
Профильді пәндердің физика мен математика болғанына қарамастан, гуманитарлық пәндер мен тілдерді оқытуға да назар аударады. Оқушылардың пәндерді үш тілде оқуға мүмкіндігі бар. Осылайша, оқушылардың жан-жақты, үйлесімді дамуына мүмкіндік бар.
Педагогтердің Зияткерлік және кәсіби дамуын арттыру мақсатында НЗМ торабында және шет елдерде біліктілікті арттыру курстары өтіп тұрады.
Оқу – тәрбиелеу процесін 211 мұғалім мен АҚШ, Канада, Сербия, келген 4 халықаралық мұғалім, сондай-ақ, қосымша білім беру педагогтері, педагог-психологтер, педагог-куратор-ұйымдастырушылар, тәрбиешілер ұйымдастырады.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік, адами, ұлттық (абырой, сыйластық, тәртіп, құрмет) құндылықтарын арттыру, өз ісіне деген жауапкершілікке, өмірге мағыналы көзқараспен қарауға, басқалардың пікірін тыңдауға, ескеруге, өз пікірін басқалардың пікірін өз пікірімен салыстыруға үйрету.
— Сондай-ақ, NIS Kostanay мұғалімдері Юлия Злоба, Нина Лукина, Умиткуль Искакова, Аймира Курмангалиева және Рашит Татимбеков «Қазақстандағы Lesson Study: идеядан саналы нәтижеге WALS XVII халықаралық конференциясына қатысты. Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға 23 мемлекеттен келген мұғалімдер және зерттеу сарапшылары келген. Қатысушылардың басым көпшілігі Жапония, АҚШ, Малайзия, Индонезия тағы басқа мемлекеттерден келді. Олар сабақты зерттеу бойынша нәтижелерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Мысалы, математика мұғалімдері Умиткуль Искакова мен Нина Лукина «Бағалау парағы – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді құралы ретінде» және Юлия Злоба «Білімді болжау және тест стратегиясын қалай пайдалануға болады» деген гипотезаны алға қою және дәлелдеу үшін оқушылардың зерттеу дағдыларын қалай дамытуға болады?» тақырыптарымен зерттеу нәтижелерімен бағалау бойынша секциясында халықаралық әріптестермен бөлісті. Физика мұғалімі Аймира Курмангалиева «Технология мен үрдістер» постер-сессиясында «Жоғарғы сынып оқушыларының сыртқы жиынтық бағалау емтихан жұмыстарына негізделген эксперименттердің деректерді өңдеу үшін PYTHON бағдарламалау тілін пайдалану» тақырыбы бойынша зерттеу тәжірибесін ұсынды, – деді Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Гүлнар Дусказиева.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер НЗМ баспасөз қызметінен алынды.