Қостанай облысы жоғары шетелдік қонақтарды қабылдады. Олардың қатарында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Ұлыбритания, Литва, Испания, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Франция және Эстониядан келген елшілер мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері бар. Олар Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесуде машина жасау, агробизнес, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты негізгі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай-ақ өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін талқыланды.
Қостанай облысының әкімі бұл сапар өңірдің сыртқы экономикалық байланыстары мен инвестициялық тартымдылығын нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
— Қостанай облысы даму үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Біз әлемдік экономикадағы өзгерістерге қарамастан тұрақты өсуді көрсетуді жалғастырамыз және серіктестерімізбен ынтымақтастық үшін ашықпыз, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Өңірде дамыған көлік инфрақұрылымы бар, бұл оны өндірістік қуаттар мен логистикалық кешендерді құруға ыңғайлы етеді. Қостанайдың Еуразия құрлығының орталығында географиялық орналасуы көршілес елдердің, оның ішінде Еуропаның ірі нарықтарымен өзара іс-қимыл жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – облыста іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды талқылау болды. Биыл Қостанай облысының аумағында жалпы инвестиция көлемі 250 млн АҚШ долларынан асатын 7 ірі жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жобалар машина жасау, металлургия, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтиды. Олардың ішінде KІА автомобильдерін өндіру жобасы және инвестициясы 1 миллиард АҚШ долларынан асатын ыстық брикеттелген темір өндіру жобасын атап өтуге болады.
— Қостанай облысы Қазақстандағы жетекші астық өндірушілердің бірі бола отырып, агроөнеркәсіптік секторды белсенді дамытуда. Ағымдағы жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 6 млн тоннаны құрады және өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 60-тан 70% – ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл бағытта жаңа инвестициялық жобалар жоспарланған, олардың арасында бұршақ дақылдарын өңдеу және ірімшік өнімдерін өндіру бойынша ірі зауыттар бар, – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Өңір басшысы өңірде инвестицияларды тарту үшін салықтық жеңілдіктер, визалық режимді жеңілдетуді және басқа да преференцияларды қамтитын инвесторларды қолдаудың тиімді жүйесі жұмыс істейтінін атап өтті. Қостанай облысы жаңа бірлескен жобалар үшін ашық және барлық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
— Біз Ұлыбритания, Литва, Испания, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Франция және Эстониядан келген серіктестерімізбен халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту аймақ экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Қостанай облысы елдің маңызды экономикалық орталығы болып қала береді және оның одан әрі дамуы инвестицияларды белсенді тартуға және Халықаралық бизнес-байланыстарды жолға қоюға байланысты. Аймақ ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі инвесторлар мен серіктестер үшін қолайлы жағдайлар ұсынуға дайын.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды