Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Техникаға жеңілдетілген несие беріледі

28 ноября 2024 10:12 • 345 просмотров

Қазіргі маңызды шараның бірі – ауыл шаруашылығы теңхикаларын жаңарту. Президент техника паркін жылына 80%-ке дейін жаңартып отыру жөнінде нақты тапсырма жүктеді. Бұған біздің өңірде мүмкіндік көп.

Ауыл шаруашылғы техникаларын лизингке алу бағдарламасы іске қосылды. Сосын, экспорттық әлеуетті арттырған жөн. Бізде өндіріс ауқымы мейлінше кең. Тек, логистика мен сақтау қоймаларының желісін ұлғайтса жеткілікті.

«Ауыл шаруашылығындағы ең маңызды рөл атқарушы фактор – ол жұмыс күші. Бүгінде облыс халқының тең жартысынан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Президент айтпақшы, агроөнеркәсіпті дамыту ел тұрғындарының өмір сүру сапасына жақсартуға тікелей байланысты. Биыл біздің облысқа келген сапарында мемлекет басшысы нағыз ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі қандай болуы керектігін нақты түсіндіріп берді. Мемлекет шаруашылығын жан-жақты дамытып, ауылды көркейтуге бей- жай қарамайтын шаруалардан көмегін аямайды. Ол көктемде егін сеуіп, күзде жинап алуға ғана келетін, фермерлердің қажеті шамалы екендігін атап өтті. Сондықтан, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінен жалтармауы керек», – деді бұл туралы облыс активімен кездесуінде өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Яғни, егін егіп, мал өсіріп отырған шаруашылықтар ең бірінші өз жұмыскерлерінің жалақысын көтеріп, жаңа жұмыс орындарын ашуы қажет. Ауылдарды абаттандыруды да естен шығармағандары абзал. Бұл облыс билігінің ұдайы бақылауымызда ұсталады. Облыс басшысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тапсырмалар жүктегенін айтты.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды