Башқұртстанның астанасы Уфа қаласында Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы басталды.
Онда Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті, екі елдің өңіраралық байланыстары мен өнеркәсіптік кооперация мүмкіндіктерін кеңейту талқыланады.
Аталған іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақасақлов бастаған делегация барды. Жергілікті басқару және бір топ бизнес өкілі екі ел арасындағы кәсіпкерлік мүмкіншілктерін бағамдайтын болады.
Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетбаевтың айтуынша, Қостанай бизнесі ауыл шаруашылық және көлік құрастыру саласы, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары және рестораторлар сияқты бағыттарды талықылайтын болады.
— Бұл аймақтар арасында тәжірибе алмасу платформасы. Іскерлік бағдарлама аясында екі елдің жас көшбасшылары «Ресей мен Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігі: тәжірибе алмасу және әріптестік перспективалары» форумы аясында бизнесті дамытудың маңызды бастамаларын талқылап, идеяларымен алмасады. Мерейтойлық форумның қорытындысы бойынша елдер 12 түрлі салада 140-қа жуық іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасына қол қояды, – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды