Қараша айында Қостанай облысының Қарабалық ауданы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдердің арасында «Жаңашыл мұғалім –2024» байқауы өтті.
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле», – дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық. Ұстаздық-дара жол, даңғыл жол! Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі ізденімпаздықты талап етеді.
Аудандық кезеңінде аталған байқауына 10 мұғалім бақ сынасты. Байқау үш кезеңнен тұрды: таныстыру, тест және шебер сыныбы.
Аудандық кезеңінің қорытындының нәтижелері бойынша М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Ескендирова А.М -гран-при, Смирнов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Бекшайыкова Ж.Е. –1 орын, Надеждин негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Бектемирова Д.А. –2 орын, Босколь негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Хасенова А.С. –3 орын жеңіп алды. Жеңістерің құтты болсын дегім келеді, себебі әр ұстаз өз шәкіртін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болашағы ретінде тәрбиелеу үшін барын да, жанын да салады.
Мұғалім шеберлігі қандай болмақ? Мұғалімнің әр сабаққа дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті шығармашыл білім алушыға күрделі әрі сыни тұрғыда ойландыруға жетелейтін тапсырмалар беріп отыруы керек. Осыдан барып біз баланы алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырамыз. Сапалы білім берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы.
Аудандық байқау өз мәресіне жетіп, қатысушылар диплом мен сертификаттармен табысталды.
Дина Бектемирова. Надеждин негізгі орта мектептің мұғалімі, Қарабалық ауданы