Қостанайда ауыл әкімдерінің бірінші өңірлік форумы өтті. Аталмыш форумға 300-ден астам адам, оның ішінде ауылдық елді мекендердің әкімдері, «AMANAT» партиясының өкілдері, сондай-ақ облыстық департаменттер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Форум пленарлық отырыс пен секциялық талқылаулардан тұрды, онда негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың нәтижелері мен алдағы даму басымдықтары талқыланды. Форумға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, партияның орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов қатысты.
Форумды «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов ашты. Форум аясында ауылдық аумақтарды дамытуға, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға және сайлау алдындағы уәделерді орындауға қатысты маңызды тақырыптар көтерілді. Әңгіменің негізгі тақырыбы әкімдерді сайлау, ауылдық округтерді дамыту, партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларды іске асыру мәселелері болды. Әкімдерге арналған панельдік сессияларда олардың құзыреттерін арттыруға бағытталған мәселелер талқыланды.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ауылдық аумақтардың орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау мен инфрақұрылымды жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
— Азаматтарымыздың әл-ауқаты мен олардың өмір сүру сапасы – басым міндеттер. Биыл жол, коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтік саланы дамытуға қомақты қаржы жұмсалды. Барлық бастамалар жергілікті тұрғындардың мүдделерін ескере отырып іске асырылуы тиіс. Әкімдерді тікелей сайлау – басталған реформалардың маңызды бөлігі, сондай-ақ бүкіл саяси жүйені жаңғыртудың негізі» деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмалары жүзеге асуда. Қостанай облысында 185 әкімшілік бірлік бойынша 222 рет сайлау өтті, 37 рет қайта дауыс берілді. 130 рет (58,6%) біздің партия ұсынған кандидаттар сайлауға түсіп, барлығында жеңіске жетті. Бүгінде облыс бойынша жұмыс істеп жатқан 197 ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің 173-і немесе 88%-ы – «AMANAT» партиясының мүшелері, – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Сумен жабдықтауды, газдандыру мен абаттандыруды жақсартуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды. 2024 жылы 15 ауылды орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосуды және газбен жабдықтау бойынша ірі жобаларды іске асыруды аяқтау жоспарлануда.
Маңызды аспектілердің бірі – ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту. Облыстың оңтүстік өңірлерінің кәсіпкерлері экономиканың нақты секторын дамыту үшін «Бизнес-Көмек» бағдарламасы бойынша қаржы ала алады.
Форум Қостанай облысының даму стратегиясындағы маңызды кезең болды, онда жергілікті атқарушы органдар ауылдық елді мекендердегі өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін бизнеспен және жергілікті тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.
Форум модераторы Алмат Досмұхамедов ел Президентінің ауылдық округ әкімдерінің сайланбалылығы туралы айтқан сөзін келтірді.
— «Әкімдерді тікелей сайлау – басталған реформалардың маңызды бөлігі, сондай-ақ бүкіл саяси жүйені жаңғыртудың негізі» деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмалары жүзеге асуда. Қостанай облысында 185 әкімшілік бірлік бойынша 222 рет сайлау өтті, 37 рет қайта дауыс берілді. 130 рет (58,6%) біздің партия ұсынған кандидаттар сайлауға түсіп, барлығында жеңіске жетті. Бүгінде облыс бойынша жұмыс істеп жатқан 197 ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің 173-і немесе 88%-ы – «AMANAT» партиясының мүшелері, – деді Алмат Досмұхамедов.
Сондай-ақ, өңір басшысы Құмар Ақсақалов пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарту қажеттігі туралы айтты. Ол жерлерді жергілікті тұрғындар игілігін көруі керек деді. Облыста жүзеге асырылып жатқан ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған жобалардың маңыздылығын атап өтті.
— Қазіргі таңда, ауылдың әкімі болу оңай шаруа емес. Ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген сұрақтар аз емес, ал көп мәселе қаражатқа келіп тіреледі, ал ауылдың бюджет мөлшері шектеулі. Күн сайын адамдар өтініштерімен, қиындықтармен әкімге жүгінетіндері сөзсіз. Ауыл әкімі болу – ел алдындағы жауапкершілікті сезінуді, халықтың мұң-мұқтажын естп.ескере білуді, мемлекетшіл, адал болуды талап етеді. Жұмыс барысында партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалуы мен «Жарқын ауыл» өңірлік партиялық жобасының іске асыру нәтижелері талқыланды. Форумның панелдік сессиясында партиялық жобаларды іске асыру, әлеуметтік желіде жұмыс жасау, мемлекеттік сатып алу туралы заңға енгізілген өзгерістер мен төртінші деңгейдегі бюджет жөнінде түсіндіріліп, сауалдарға жауап берілді. Жалпы мұндай алаң тәжірибе алмасу мен тығыз қарым-қатынас жасау үшін, сондай-ақ, ауылдардың дамуына байланысты туындайтын нақты шешімдерді талқылау үшін дәстүрге айналуға тиіс және солай болатынана сенімдімін, – дейді облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Жанбыршина.
Қостанай облысының ауылдық округтері әкімдерінің форумында ауылдық аумақтарды дамыту бойынша басты бағыттарды талқылап, «Жарқын ауыл» өңірлік жобасының қорытындысын шығарылды. Соңғы екі жылда ауыл инфрақұрылымына 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл бұған дейінгі көрсеткіштен 4 есе артық. 15 ауыл алғаш рет орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді, 41 ауылда заманауи су тазарту модульдері орнатылды. 2022 жылмен салыстырғанда 5 есе көп, яғни 1200 шақырым жол жөнделді.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды