Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауылда жаңа нысан ашылды

19 декабря 2024 9:35 • 349 просмотров

Қостанай ауданының Мәскеу ауылында «Ауыл медицинасын дамыту» жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары тағатсыз күткен медициналық мекеменің ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып қатысты.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында облыста 25 нысанның құрылысы жүзеге асырылды. Медициналық нысандар реабилитация кабинеттерімен, УДЗ, ЭКГ, зертханалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындарына білікті көмекті жергілікті жерде алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері облыс ауылдарына 100-ден астам дәрігер жұмысқа келді. Кадрларды қолдау үшін 7 млн теңгеге дейін көтерме ақы қарастырылған. Жаңа медициналық құрал-жабдықтар мен мамандардың еңбегінің арқасында 20 мың ауыл тұрғыны сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады.

Аталмыш нысанның жалпы ауданы – 400 шаршы метр. Жоба құны – 323 млн теңге. Амбулаторияда УЗД аппараты, 3-кезеңді оңалту, физиокабинеті бар. Сондай-ақ, облыс көлемінде Арқалықта, Б. Майлин, Қостанай, Әулиекөл, Науырзым, Қамысты, Қарабалық аудандарында 16 медициналық нысан ашылды. Облыс әкімі басқа елді мекендермен де онлайн байланыс орнатып, тұрғындарды құттықтады.

— Былтыр, Президент тапсырмасымен, ауылдық жерлерде 25 нысан құрылысын бастаған едік. Алғашқы жылы алтауы тапсырылған. Қалғаны жыл соңына дейін толық аяқталады. Бүгін бір мезетте 16-сын ашып отырмыз. Осы ауылдағы амбулатория бұрынғысымен салыстыруға келмейді, заман талабына сай, мүмкіндігі кеңірек. Ел игілігіне жұмыс істесін, – деді өңір басшысы құттықтау сөзінде.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды