Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов Юбилейный шағын ауданында бой көтерген жаңа балабақшаны ашты.
Бұл балабақша 280 орындық. Жасына қарай он алты топ жұмыс істейді. Соның 11-і мемлекеттік тілді білім береді.
— Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге баса назар аударып келеді. Республика бойынша мемлекет басшысының тапсырмасына орай жаңа үлгідегі балабақша-мектептер салынып жатқаны аян. Облыста 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жоспарда белгіленген сегіз бала бақшаның бесеуі пайдалануға берілді, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Үш қабатты зәулім ғимаратта анау айтқандай, би, акт залы, спортпен айналысатын жаттығу орындары, музыка кабинеттеріі бөлек-бөлек орналасқан.
Жаңа балабақшаның ашылуы облыс орталығындағы балалардың кезегін 18%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. педагогтер үшін 43 және көмекші персонал үшін 34 жаңа жұмыс орны құрылды.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды