Облыстық мәслихат сессиясында бюджеттің негізгі көрсеткіштері мен аймақты дамыту жоспары таныстырылды. Сессияда 2025 жылға арналған облыс бюджеті бекітілді.
Облыс бюджетінің келесі жылғы мөлшері биылғы жылғыдан біраз артық. Бұл дегеніміз облыс экономикасының даму қарқыны да жоғары деген сөз. Облыс бюджетінде әлеуметтік салаға, оның ішінде білім мен денсаулық сақтау, мәдениет салаларына, ауыз су, интернет, жол жөндеу сияқты маңызды шараларға қомақты қаражат жұмсау жоспарланып отыр. Оның ішінде, ауылдарға көбірек көңіл бөлінбек.
2025 жылы облыс бюджеті 606,1 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылы қабылданған бюджеттен 6,2%-ке, ал 2023 жылғы деңгейден 16,3%-ке артық. Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, бюджет қаржысы тағы да артатын болады.
— Бірақ бұнымен тоқтамаймыз, жыл ішінде біз бұл соманы әлі көбейтетін боламыз. Айта кету керек, облыстың өз кірісі өткен жылмен салыстырғанда 7% артып, 179,7 млрд теңгені құрады. Облыс бюджеті әлеуметтік салаларға бағытталған. Тек білім беру саласына біз 210 млрд теңгеден астам немесе облыс бюджетінің 35% бағыттауды жоспарлап отырмыз. Соңғы екі жылда қаржыландыру 20% өстіп отыр. Келесі жылы мектептер мен балабақшалардың құрылысы жалғасады. Сонымен қатар, 5,7 млрд теңге 1–4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Денсаулық сақтау саласына да қомақты қаржы бөлініп отыр. Бұл салаға 110 млрд.теңге бағытталмақ. Биыл 25 медициналық нысанның құрылысын аяқталатын болады. Келесі жылы Қостанай ауданында емхананың құрылысы бітеді.
Сондай-ақ емханалар үшін медициналық техника сатып алуға, сондай-ақ аудандық ауруханалар мен медициналық бөлімшелерді жабдықпен қамтуға 4 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінетін болады.
Дене шынықтыру және спорт саласына шамамен 20 млрд теңге бөлінді. 2023 жылмен салыстырғанда бұл саланы қаржыландыру 47% – ға ұлғайды.
Кредиттік тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 22,0 млрд теңге қарастырылған. Қонай шағын ауданында 12 көпқабатты және 124 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.
Сондай-ақ Қостанай қаласындағы Береке шағын аудандағы 5 үйдің, Тобыл қаласындағы Астана және Бәйтерек шағын аудандарындағы 10 үйдің құрылыс аяқталады. Келер жылы дәл осы ауданда 30-ға жуық үйдің құрылысы басталды.
Жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 93 млрд.теңге бөлінді, бұл 2023 жылғы сомадан 1,7 есе артық. Ағымдағы жылы 1200 шақырымға жуық автожол, ауылдық елді мекендерде 70-тен астам кіреберісжол және облыстың 108 елді мекеніндегі 371 көше жөнделді.
Келесі жылы, ауылдық елді мекендерде 80-нен астам кіреберіс, сондай-ақ 103 елді мекенде 362 көшені жөндеу жоспарлануда.
— Облысты сумен жабдықтауға және су бұруға 13 млрд теңге бөлінді. Біздің міндетіміз – 2026 жылдың соңына қарай елді мекендердің 100% сапалы сумен қамтамасыз ету. Осыған байланысты, 2025 жылға 30-дан астам жобаны іске асыру жоспарланған, – деп атап өтті өңір басшысы Құмар Ақсақалов.
2023 жылдан бастап ауылдық елді мекендердің көшелерін жарықтандыруды жұмыстары басталды. Қазір жарықтандыру деңгейі 1,5 есе өсті. Келесі жылы бұл салаға 1,4 млрд теңге бөлінді. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша көшелерді жарықтандыру үлесін 100% дейін жеткізіледі деген жоспар бар.
Бизнесті дамыту бөлігінде келесі жылы облыстың оңтүстік өңірлерідегі тұрғындары үшін 1% жеңілдікті кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғасады. Бұдан басқа, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы тәжірибесін таратуға 17 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарлануда.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды