IT көшбасшыларымен кездесті

23 января 2025 9:01 • 582 просмотров

Костанай облысында цифрлық экожүйені дамыту және жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері талқыланды. Костанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов IT саласының көшбасшыларымен кездесу өткізді.

Аймақ басшысы атап өткендей, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономиканың дамуына және еңбек өнімділігін арттыруға жаңа перспективалар ашылуда.

«Жасанды интеллект – бұл жай ғана инновация емес, тұтас салалардың және экономиканың тиімділігін арттыруға қабілетті қуатты құрал. Соңғы жылдары Қазақстанда жасанды интеллектке деген қызығушылық қарқынды артып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде қажетті инфрақұрылым мен экожүйені дамыту үшін шаралар қабылдануда, және біздің облыс бұл үдерістен тыс қалмауы тиіс», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Кездесу барысында өңір үшін маңызды және өзекті мәселелер талқыланды: 2024 жылғы цифрландырудың даму қорытындылары, болашақтағы перспективалар және аймақта жасанды интеллектті енгізу.

2024 жылы Еуропа елдеріне IT қызметтерді экспорттау бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Қазақстанның ақпараттық технологиялар және инновациялар қауымдастығы» президенті Ирина Юрьевна Сулименко толық баяндап берді.

Сонымен қатар, күн тәртібінде өңір экономикасына оң әсер ететін бастамалар мен стартаптар қаралды. Қазақстан мен жапон кәсіпорындарының жасанды интеллектті қолдану бойынша ынтымақтастығының болашағы туралы Костанай облысының тумасы Ержан Мұратұлы Қаратаев айтып берді. Қазіргі уақытта ол Жапонияда тұрып, жұмыс істейді.

Qostanai Hub-тың аймақтық менеджері Дәмір Дұлатұлы Мнайдаров өз жұмыстарының нәтижелері мен болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті. Компания стартап-мәдениеті мен IT-қоғамдастығын белсенді дамытып, жас таланттарға үлкен мүмкіндіктер ұсынады.

Костанай облысы – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған, инновациялық технологияларды енгізуде үлкен әлеуеті бар аймақ. Кездесу барысында ұсынылған бастамалар болашақта өңірдің дамуына үлес қосу үшін ескерілетін болады.

Қорытындылай келе, Құмар Ақсақалов жасанды интеллектті өңірімізде енгізу экономиканың дамуына, өмір сүру сапасын жақсартуға және негізгі салаларды жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Ол үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің, білім беру мекемелерінің және IT-қоғамдастықтың үйлесімді жұмысы қажет екенін атап өтті.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды