Кезекте тұрғандарға пәтер берілді

23 января 2025 9:06 • 578 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Рудный қаласына іссапармен барып, бірқатар тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Рудный қаласында екі көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы 122 жаңа пәтердің кілтін кезекте тұрған азаматтар алды. Олардың арасында көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Облыс әкімі жаңа қоныстанушыларды осы маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа үйлердің пәтерлерін аралап көрді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, халықтың тұрғын үй ахуалын жақсарту жұмыстары қызу жүруде. Азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы белгілеген негізгі бағыттардың бірі. Қостанай облысында тиісті тапсырмалар сәтті жүзеге асырылуда.

Өңір басшысының сөжіне сүйенсек, бұл салада нәтижелер жаман емес.

– 2024 жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 5 мыңнан астам отбасын жаңа пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Айтарлықтай қаражат жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға бағытталған. Өткен жылы 940 пәтер сатып алынды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,7 есе көп. Ағымдағы жылы тағы 1500 пәтер сатып алу жоспарлануда, бұл мұқтаж отбасыларды одан да көп тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді облыс әкәмі Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар, Рудныйда ескі ғимараттарды қайта құру жұмыстары жалғасуда. 2023 жылдан бастап жалпы ауданы 28 мың шаршы метрден асатын 11 көппәтерлі үй қалпына келтірілді. Бұл жұмыс қаланың инфрақұрылымына жаңа тыныс беру үшін жалғасуда.

Сондай-ақ, кеншілер қаласында өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. ОғанРудныйдың тағы бір маңызды нысаны – «Қазогнеупор» зауыты мысал бола алады. Бұл өнеркәсіптің түрлі салалары үшін отқа төзімді материалдар шығаратын кәсіпорны. Зауыттың өнімі тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық нарықтарда да сұранысқа ие. Өнімнің 70% – ға жуығы экспортқа жіберіледі.

Кәсіпорын белсенді түрде жаңғыртылуда. Өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы іске асырылуда:

Қайта құру мен дамытуға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,9 млрд теңгені құрайды.

2023 жылы 1,7 млрд теңге, 2024 жылы – 3,2 млрд теңге салынды, ал 2025 жылы тағы 2 млрд теңге жоспарланды.

Жаңа өндірістік желілерді іске қосу шығарылатын өнім көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның дамуында мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. 2024 жылы шикізат бағасын белгілеудің арқасында зауыт өндірісті тұрақтандырып, жоғары рентабельділікпен өнім шығаруды арттыра алды.

Аймақ басшылығының бақылауымен бұл жобалар әлі де қарқын ала түседі.

Осы жобалардың әрқайсысы – азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе өнеркәсіптік әлеуетті дамыту – облыс әкімінің жеке бақылауында. Бұл тәсіл туындаған мәселелерді тез шешуге, тапсырмалардың тиімділігін қамтамасыз етуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қостанай облысы тұрғындар үшін қолайлы жағдай туғызатын және өңірдің экономикасын нығайтатын ауқымды жобаларды іске асыра отырып, сенімді түрде алға жылжуда. Тұрғын үй құрылысы және өнеркәсіптік объектілерді жаңғырту өңірді одан әрі дамыту үшін негіз болатын негізгі бағыттар болып табылады.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды