Ел Президенті Қасым-Жомат Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айының басында іске қосылған «Таза Қазақстан» бағдарламасын қостанайлықтар ауқымды түрде қолдауды жалғастыруда. Бұл бастаманың мақсаты – халықтың экологиялық хабардарлығын арттыру және облыстың әртүрлі аймақтарындағы қоршаған ортаны жақсарту.
Бағдарлама аясында өңірде қазірдің өзінде аумақтарды тазарту және абаттандыру, қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша ауқымды іс-шаралар, сондай-ақ азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ағарту жұмыстары жүргізілді.
Бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Іс-шараларға бизнес-қауымдастық, жастар, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері белсенді қатысуда.
Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қостанай ауданында «Қарды бірге тазартайық» челленджі басталды.
Мемлекет басшысы табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, экологиялық жауапкершілік әрбір азаматтың міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі екенін атап өткен болатын. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазартып, қоғамдағы экологиялық мәдениеттің деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік экологиялық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.
Осы мақсатта жастар ресурстық орталығының еріктілері мен белсенділері қыс мезгілінде қар тазартуда айтулы көмек көрсету үшін Тобыл қаласындағы «Балбөбек» балабақшасына аттанды.
Қажетті құрал-саймандармен қаруланған экоактивистер ойын алаңдарын қардан тазартып, балабақша аумағын ретке келтірді.
Олар бұл бастаманы облыс көлемінде таратып, эстафетаны жастар мен қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға беруді жоспарлап отыр.
Осылайша, шара тазалықты сақтаумен қатар, ел бірлігін нығайтып, жастардың бойында отаншылдық сезімін оятуға ықпал етеді. Өйткені, тазалық пен тәртіп әрбір азаматтың жауапкершідігі дейді ұйымдастырушылар.
Рудный қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Рудный аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де психоневрологиялық аурулары бар адамдар үшін стационар жағдайында арнайы қызмет алушылардың қатысуымен іс-шара өткізді.
Сабақ туған өлкенің табиғатын таза ұстау қажеттілігі туралы нұсқаушының әңгімесінен басталды. Еңбек терапиясы аясында балалар қыстап қалатын құстарға арнап жем салғыш жасады. Шара барысында қатысушылармен түрлі конкурстар және ойындар өткізілді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын өткізудің маңыздылығын Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сезінеді. Бұл шара балалардың бойында жауапкершілік, патриотизм және еңбекқорлық сезімдерін тәрбиелейді, – деп атап өтті еңбек терапиясы нұсқаушысы.
«Осындай бастамалардың арқасында елде жаңа мәдениет пен жаңа қоғамдық этика орнығуда. Бұл – нағыз патриотизм және Отанға деген қамқорлық. Осындай істер арқылы ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда», – делінген Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында.
Жітіқара қаласында «Қайталама шикізаттан бұйымдар жасау» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағы өскелең ұрпақпен пластикалық қоқыс және тұрмыстық қалдықтар үйінділерінің көбеюі мәселесі туралы әңгімеден басталды. Балаларға ең маңызды экологиялық тақырыптар: адамның табиғатпен қарым-қатынасы, қазіргі әлемдегі пластикті қайта өңдеу мүмкіндіктері туралы айтылды, сонымен қатар балалар қаптаманың фракцияларымен және оларды сұрыптау ережелерімен таныстырылды. Балаларға мысал ретінде суреттер мен видеороликтер көрсетілді. Шеберлік сабағында күндізгі бөлім тәрбиеленушілері қайта өңделген материалдардан құстарға жем салғыш жасады.
«Іс-шараның әр қатысушысы қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға зор үлес қосты. Қазіргі таңда адамдардың басты міндеті – пластикалық қалдықтармен күресудің ең ұтымды және экологиялық қауіпсіз жолдарын табу, сонымен қатар оларды өмірде қолдануды үйрену», – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.
Қалдықтарды қайта өңдеудің бұл ерекше тәсілі балалар үшін қызықты және пайдалы ойынға айналды, сонымен қатар адамдардың назарын қоршаған ортаның ластану мәселелеріне аудара отырып, табиғатты қорғау мен бағалаудың, экологиялық акцияларды насихаттаудың және қолдаудың қаншалықта маңызды екенін көрсетті.
Айта кетсек, 2024 жылы елді мекендерді абаттандыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Жүргізілген барлық жұмыстардың қорытындысы бойынша көшелерді жарықтандырумен қамтамасыз ету 90% құрады, 90 ауылға жалпы ұзындығы 67,8 шақырым қоршау орнатылады.
2024 жылы мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері тартылды. Барлығы 607,3 мың адам қатысып, 354 техника жұмылдырылды, 327 саябақ абаттандырылып, 201,5 мың тонна қоқыс шығарылды, 133,3 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды