Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Ахмет Байтұрсынұлы және АҚШ-тың Миннесота университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын қос диплом бағдарламасы бойынша білім алатын студенттермен кездесті.
Бұл шетелге шықпай-ақ халықаралық үлгідегі диплом алуға мүмкіндік беретін жастарды мемлекеттік қолдаудың бір мысалы.
Ел Президенті жастардың Қазақстанда сапалы білім алуы үшін арнайы білім беру жүйесін құруды тапсырды. Бұл отбасыларға қаржылық жүктемені азайтады және құнды кадрлардың елден кетуіне жол бермейді. Қостанай облысы бұл тәсілді өз өңірінде әлемдік деңгейдегі жоғары білім алу үшін мүмкіндіктер ашып, іске асырды.
Былтыо Қостанайда Baitursynuly University және University of Minnesota Morris арасында қос дипломды білім туралы Меморандумға қол қою рәсімі өткен болатын. «Computer science» білім беру бағдарламасының студенттері оқуды аяқтағаннан кейін екі елдің дипломдарын алады.

Кездесу барысында әкім студенттерге облыстың үш негізгі бағытта белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.
— Машина жасау саласында біздің өңірдің әлеуеті жоғары. Мәселен, қазіргі таңда KIA автозауытының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, втокомпоненттердің локализациялық орталығын салуда қолға алынды. Аталған зауыттар алдғы жылдары іске қосылады, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Сонымен қатар, Қостанай облысы қара металлургия саласында да дамуды бетке алды. Ол үшін мысалы биыл «Камлит» шойын құю зауыты салынды. Алдағы уақытта Рудныйда қаласында ыстық брикеттелген темір зауытының құрылысы басталмақ.
Ауыл шаруашылығы саламында да өсім бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу құны жоғары өнім жасауға мүмкіндік береді. Осы бағытта бидайды терең өңдеу зауытын салу қолға алынбақ.
Бұл өндірістердің барлығы жоғары технологиялық болып табылады және бағдарламалық қамтамасыз ету, цифрландыру және автоматтандырылған жүйелер саласында білікті мамандарды қажет етеді.
Сондықтан IT саласындағы қос диплом бағдарламасы бойынша оқитын студенттер өңірдің жаңа кәсіпорындарында барынша сұранысқа ие болады. Олар үшін мансаптық өсу мен лайықты жалақы перспективалары ашылады.

— Қос диплом бағдарламасы студенттерге екі университетте білім алу арқылы көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықаралық тәжірибе жинақтауға және әртүрлі білім беру жүйелерінің артықшылықтарын игеруге мүмкіндік береді. Болашақта екі елдің дипломдарын алу кәсіби мүмкіндіктерді арттырады, – деп атап өтті университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев.
Қостанай облысы сапалы білім беруден бастап тұрақты жұмысқа орналасуға дейінгі жастар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмысты жалғастыруда. – Бүгінгі студенттер – бұл аймақ экономикасының болашағы және біз олардың туған жерінде өз әлеуетін жүзеге асыруы үшін бәрін жасаймыз, – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші университеттерімен стратегиялық әріптестік орнату бағытында белсенді шаралар қолға алынғаны белгілі. Бүгінде еліміздің түрлі аймақтарында шетелдік 23 оқу орны жұмысын бастап кетті.
Қазіргі уақытта 20-дан астам елдің университеттерімен өзара іс-қимылдың түрлі форматтары бар. Кездесуде стратегиялық серіктестіктің бірыңғай жалпы ережесін әзірлеу қажеттігі айтылды. Бұл университеттердегі академиялық және басқару еркіндігіне әсер етпейді.
— Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң бұл бағытта қосымша мүмкіндіктер ашады. Біз үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін ғылымдағы жетістіктерді экономика игілігіне қолдану маңызды. Бұл үдерісте зерттеу университеттері шешуші рөл атқарады, – деді Сейтбек Қуанышбаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде үздік шетелдік 5 ЖОО-ның филиалдарын ашу туралы тапсырма берген болатын. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Президент тапсырмасын тыңғылықты жүзеге асыруда. Қазірдің өзінде 20 шетелдік білім беру ордаларына Қазақстанда өкілдік ашу туралы шақырту жіберілді. Биыл 8 филиал ашылады.
Президент ғылымның кадрлық әлеуетін күшейту туралы сөз қозғай отырып, жас ғалымдарды жан-жақты қолдаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Грант арқылы жүзеге асырылатын жобалардың үштен бірі жас ғалымдарға тиесілі. Әрине, мұндай жобалардың санынан гөрі, сапасы маңызды. Жыл сайын жас ғалымдарға байқаулар арқылы берілетін гранттың қаржы көлемін арттыру керек. Қазір жас ғалымдарымыз әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында стажировкадан өте алады.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды