Қостанай облыс әкімдігінде өткен кеңесте аяқталған жылыту маусымының қорытындысы мен келесі маусымға дайындық мәселелері талқыланды. Басты назар жылу желілерін жөндеу және алдағы жылыту маусымына сапалы дайындыққа аударылды.
Биылғы жылыту маусымында 200-ден астам ақау тіркелгенімен, жедел жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында барлық ақаулар төрт сағат ішінде жойылды. Тұтынушылардың жылумен жабдықталуына ешқандай кедергі келтірілмеді. Дегенмен, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Бисембаев кей аудандарда ақауларды жою жұмыстарының баяу жүргізілгенін атап өтті. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жылу көздерін уақтылы жөндеу және сенімді мердігерлерді тарту қажеттігін баса айтты.
«Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жылу көздерін уақтылы жөндеуді қамтамасыз ету және қазандық жабдықтарын орнату үшін тек адал ұйымдарды тарту қажет. Өткен жылғы жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша біз қалаларда жылу желілерінің тозуын 6,4%, ал жылу көздерінің тозуын 2,3% төмендете алдық. Ауылдарда жылу желілерінің тозу көрсеткіші 1% өсті, бірақ жылу көздері бойынша сол мәнге төмендеді. Мәселен, 2025 жылы 22 жобаны іске асыру арқылы тозуды 45,7%-дан 45%-ға дейін төмендету жоспарлануда», – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Келесі жылыту маусымына дайындық барысында гидравликалық сынақтарды уақытылы жүргізіп, ықтимал ақауларды анықтау және жою аса маңызды. Өкінішке қарай, өткен жылыту маусымы басталғанға дейін барлық коммуналдық кәсіпорындар жылу көздерінің дайындық паспортын ала алмаған. Заңнамаға сәйкес, бұл құжаттарды 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында алу қажет. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов басқарма өкіліне қала және аудан әкімдерімен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.
«Мемлекет басшысы жылыту маусымын кедергісіз өткізу туралы бірнеше рет тапсырма берген. Біздің облыста жылыту маусымы штатты режимде өтті. Ірі апаттар тіркелмеді. Болған жағдайда да олар сапасына әсер етпеді. Бұл, әрине, алдын ала жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі. Былтыр Қостанай және Арқалық қалаларында, Жітіқара, Меңдіқара және Бейімбет Майлин аудандарында 24 шақырым жылу желілері, су жылыту және бу қазандықтары жөнделді», – деді өңір басшысы.
Өткен маусыммен салыстырғанда, жылу желілерінің зақымдануы 35,7%-ға азайып, 395-тен 254-ке дейін төмендеген. Тұрғындардан келіп түскен шағымдар саны да 50%-ға азайып, 193-тен 96-ға дейін кеміген. Дегенмен, коммуналдық қызметтер үшін тұрғындардың берешегі мәселесі әлі де өзекті болып отыр. 16 сәуірдегі жағдай бойынша берешек 1 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 66,3 млн теңгеге аз болғанымен, әлі де жоғары көрсеткіш. Тұрғындардың ең көп берешегі жылумен жабдықтау қызметі үшін – 743,2 млн теңге.
«Халықтың ең көп берешегі жылумен жабдықтау қызметтері үшін – 743,2 млн теңге. Сумен жабдықтау және су бұру үшін 191,8 млн теңге, электр энергиясы үшін 73 млн теңге болса, газ үшін 27,2 млн теңге берешек. Бұл көрсеткіш қарыздардың жалпы сомасының төмендегенін көрсеткенімен, бірақ әлі де жоғары деңгейде қалып отыр», – деді Арман Бисембаев.
Берешекке байланысты жеткізушілер коммуналдық кәсіпорындарды сотқа береді. Өз кезегінде коммуналдық кәсіпорындар әкімдіктерге қарызды өтеу туралы өтінішпен жүгінеді және бұл тәсіл жүйелік сипатқа айналып отырғанын жеткізді. Мысалы, облыс орталығының коммуналдық кәсіпорындары осы жылы 66,9 млн теңге сомасына 1 227 талап арыз берген. Арыз шеңберінде 749 талап қанағаттандырылып, 187 талап-арыз орындалған. Нәтижесінде 15,3 млн теңге өндірілген. Қостанай қаласының коммуналдық кәсіпорындары биыл 66,9 млн теңге сомасында 1227 талап арыз берген. Оның 749-ы бойынша шешім қабылданып, 187-сі орындалды, нәтижесінде 15,3 млн теңге өндірілді.
«Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары коммуналдық берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет, бұл кәсіпорындарға энергия ресурстары үшін есеп айырысуды жүргізуге және тарифтерде көзделген жөндеу науқанын бастауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі түрінде қолдау көрсетіледі. Осы жылдың бірінші тоқсанында 1176 отбасына 23 млн теңге сомасында көмек төленді. Бұл жұмыс жалғасады», – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Арман Бисембаев.
Кеңесте Рудный жылу желілерінің директоры Олег Әбілқайыров баяндама жасады. Рудныйда жылыту маусымына дайындық барысында 20 шақырым жылу желілері ауыстырылып, жаңартылған. Осылайша ақаулар саны 2023 жылмен салыстырғанда 41,2% азайып, 374-ке дейін төмендеген.
«Өткен жылыту маусымында ірі ақаулар тіркелмеді, ал тұтынушылардың жылумен жабдықтау жүйесіндегі ақаулар орта есеппен төрт сағат ішінде жойылды. Магистральдық желілерде ешқандай ақау орын алмады. Ақаулардың барлығы тарату желілерінде, оның 109-ы жеке секторда тіркелді. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында бірқатар жұмыстар жоспарлануда. Оның алғашқысы гидравликалық сынақтар жүргізу. Республикалық бюджеттен қаржыландыру бекітілген жағдайда, 18,6 км магистральдық және тарату желілерін ауыстыру. Жеке сектордағы 10,5 км тарату желілерін ауыстыру жұмыстары облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Қаржыландыру мәселелері Қостанай облысының Энергетика басқармасы келесі екі жобаның республикалық бюджеттен қаржыландырылу мәселесін әлі шешкен жоқ», – деді Олег Әбілқайыров.
Жоспарлы жұмыс тізімінде, Рудный қаласының магистральдық жылу желілерін реконструкциялау, Горняцк кентінің жылу желілерін жаңарту бар. Екі жоба бойынша жобалық-құндық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына қаржы күтілуде. Облыс әкімі бұл жобалар бойынша министрлікке хабарлама жіберілгені, қаржыландыру міндетті түрде болатынын жеткізді. Өңір басшысы алдын алу үшін жылуаралық кезеңде облыстың барлық жылу көздеріне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жүргізу қажет деді. Айталық, Қостанай қаласыда жылу маусымы кезеңінде кварталішілік жылу желілерінде 102 зақымдану тіркелген. Аса ірі апат болған жоқ. Кәсіпорын 88 112 абонентке қызмет көрсетеді. Өткен жылдың суәір айының бірімен салысытырғанда абонет көлемі 5 700-ге өскен.
«Осы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша кәсіпорыннің дебиторлық берешегі 3 млрд теңгеден асып жығылады. Өткен жылмен салыстырғанда 4,5% төмендеді. Бірінші тоқсанда борышкерлерге 1804 хабарлама жіберілді. Осы жұмыс шеңберінде 77 млн теңге берешек өндірілді», – деді Қостанай жылу энергетикалық компаниясының директоры Азмат Аужанов.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 42%-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Қазіргі таңда облыстағы жылу желілерінің орташа тозу деңгейі 45,7%. Биылғы жылы облыстың барлық қалаларында, сондай-ақ Меңдіқара және Жітіқара аудандарында жылу желілері мен жабдықтарын жөндеуге 1,9 млрд теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен 19,3 млрд теңгеге 23 жоба ұсынылып отыр.
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жылу шығынын айзайту басты міндеттерді бірі екенін жеткізді. Қалалар мен аудан әкімдеріне жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстарын техникалық талаптарға сәйкес және мерзімінде жүргізу, тұрғын үйлерді сапалы дайындау бойынша пәтер иелерінің тұтыну кооперативі және мүлікиелерімен жұмыс жүргізу, 15 қыркүйекке дейін барлық инженерлік инфрақұрылымның, ТКШ объектілерінің, тұрғын үй қорының және әлеуметтік объектілердің жаңа жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз ету сынды бірқатар тапсырма берді.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды