Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Министр Индустриалды аймақтағы Kia автокөлік шығаратын зауыттың құрылысымен танысты. «Kia Qazaqstan» кәсіпорны 1500 жұмыс орнын ашады және ірі және шағын агрегаттарды құрастыру әдістерін қолдана отырып, жылына 70 000 автокөлік шығарады. Зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарлануда.
6 млрд 560 млн теңге көлеміндегі қаражат Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта KIA автокөлігін өндіретін зауытқа кірме жолдары мен 3-ші санаттағы теміржолдарды салуға бағытталады.
Айта кету керек, салынып жатқан KIA автокөлік өндіру зауыты – ең ірі автомобиль жобаларының бірі. Зауыттың жобалық қуаты жылына шамамен 70 мың автокөлікті құрайды.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инженерлік коммуникациялар жүргізуге 500-ден астам адам жұмылдырылған. Жоба аясында барлығы 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

Зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын аймақ пен еліміздің дамуына үлкен серпін береді, сондай-ақ өндірісті локализациялау деңгейін айтарлықтай арттырады. Зауыт дәнекерлеу, сырлау және көлік құрастыру сияқты толық циклді негізде жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қостанай қаласының Индустриялық аймағы аумағында 5 жоба іске қосылған. 9 жоба белсенді түрде пысықталып жатыр.
Осылайша, индустриялық аймақ аумағында көлік инфрақұрылымын салу барлық іске асырылып жатқан жобалардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасайды. Жаңа кірме жолдар мен теміржолдар үздіксіз логистиканы қамтамасыз етіп, шикізат жеткізу ісін жеделдетеді, сондай-ақ дайын өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға тасымалдауды жеңілдетеді.

Сондай-ақ Е. Нағаспаев «KamLitKZ» ЖШС-ның құю цехы мен жетекші осьтердің бас берілістерін шығару бойынша салынып жатқан зауытында болды. Редукторлар өндірісін (жылына 74 мың дана) іске қосу 2025 жылдың екінші жартысында күтілуде.
Автокөлік құрамдас бөліктері базасын дамыту аясында Министр «TEHNOPARK» шағын индустриялық аймағының қызметімен танысты, мұнда қуаттылығы жылына 60 мың құрамдас бөлікке дейін жететін оқшаулау орталығын салу жоспарлануда. Сондай-ақ «ProProduction 10» автокомпоненттері зауытының және «Тобыл» ТКК «Құрғақ порт» логистикалық кешенінің құрылысының жобалары таныстырылды.
Министр «Allur» зауытының қызметімен, сондай-ақ жұмысшылар мен студенттерге арналған жатақхана құрылысының барысымен танысты. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында зауытта JAC, Chevrolet, KIA, Jetour және Skoda маркалы 25 мыңға жуық автокөлік шығарылды. Қазіргі уақытта модельдерді оқшаулау бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылуда.
Зауытта Jetour X70 Plus көліктерінің шағын агрегаттар әдісінің сериялық өндірісі Министр қатысуымен ресми түрде басталды. Жобаны іске асыру өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және отандық үлесті арттыруға бағытталған бұрын тартылған инвестициялардың арқасында қамтамасыз етілуде.

Одан бөлек, Министр LOVOL, Deutz-Fahr, ESSIL маркалы тракторлар мен комбайндар шығарылатын «АгромашХолдинг KZ» АҚ-да болды, ал 2024 жылы кәсіпорындар базасында неміс ауылшаруашылық техникасы John Deere бренді локализацияланған.
2025 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 15,5 млрд теңгеге өнім өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Өндірістің нақты көлем индексі 161%-ды құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
Өсім негізінен астық жинайтын комбайндар өндірісінің 3,5 есеге, ал ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісінің 22%-ға артуының есебінен қамтамасыз етілді.
Өндіріс көлемі артқан өңірлердегі негізгі кәсіпорындар – Қостанайдағы «АгромашХолдинг» АҚ мен «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, сондай-ақ Көкшетаудағы «Қазақстан Аграрлық Инновациялық Корпорациясы».
Сондай-ақ министр облыста және республикада сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярланатын Қостанай автомобиль көлігі колледжінде болды. Онда 1,5 мыңға жуық студент білім алуда және кейіннен жұмысқа орналасатын болады.

Министр өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқынын сақтаудың және инвестициялық жобаларды уақытылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Автокөлік өнеркәсібінің дамуына байланысты Қостанай өңірінде көлік-логистикалық хаб құру мәселесі өзекті болып отыр. Жобаны қуаттылығы жылына 400 мың контейнерге дейінгі индустриялық аймақта іске асыру жоспарлануда. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге қаржыландыру қажет болады. Жобаны іске асыру «Солтүстік – Шығыс» бағыты бойынша халықаралық көлік-логистикалық хаб құруға және жүк тасымалы көлемін 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қостанай облысы машина жасау саласы бойынша республикада көш бастап тұр. Жобаның жалпы құны $200 млн-ға бағаланып отыр, оның 80%-ға жуығы тікелей шетелдік инвестиция. Кәсіпорынды іске қосу 2025 жылға жоспарланған, бүгінде негізгі өндірістік корпусты салу, іргетасын қалау, сондай-ақ металл конструкцияларын монтаждау жұмыстары аяқталды. Олжас Бектеновке лак-бояу өндірісін, оның ішінде полимерлі жабындардың барлық түрлерін локализациялаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін өндірісті құру жоспарлар туралы баяндалды, Зауыттың толық жобалық қуаты жылына 70 мың автокөлікті құрайды. Кәсіпорын өнімдері шағын торапты құрастыру әдісін қолдана отырып шығарылады. Өндіріс 68 роботпен жабдықталады. Зауыт іске қосылғанда жоғары ақы төленетін 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды