ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл даму» АҚ-ның Қазақстан Республикасының аумағында электрондық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жетекші компаниясы «Technic Destroy» ЖШС -нің инновациялық экологиялық жобасына қолдау көрсету ниеті туралы хабарлайды.
«Technic Destroy» ЖШС 2009 жылы құрылған және Қазақстанда кеңселік және коммерциялық техниканың қалдықтарын қайта өңдеу саласында танылған көшбасшы болып саналады.
Компания литий-ионды батареяларды қайта өңдеу нарығында сенімді позицияға ие болып, Орталық Азияда мамандандырылған өндіріс желісін енгізген алғашқы ұжым болды.
2024 жылы кәсіпорын 3000 тоннадан астам батарея мен электронды жабдықты қайта өңдеді.
Литий-ионды батареяларды қайта өңдеу желісінің жобалық өнімділігі сағатына 300 кг құрайды, ал қайта өңделетін шикізаттың жалпы көлемі жылына 500 тоннадан асады.
«Жасыл даму» АҚ тарапынан жоспарланып отырған қолдау қоршаған ортаның ластану деңгейін едәуір төмендетуге және Қазақстанның «жасыл» экономика саласындағы әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретін өңдеудің озық және экологиялық қауіпсіз технологияларын енгізуге бағытталған.
Бақыт ТҰРАШ