«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Қазақстанда білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

22 мая 2025 12:20 • 204 просмотров

Бүгінгі таңда 105 білім беру нысанының құрылысы аяқталды. Осындай мектептердің бірі болып Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі ашылды. Мектеп Қостанай қаласы балаларын заман талабына сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсаты апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға, сондай-ақ ауыл мен қала мектептерінің арасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталған. Бұл — жай ғана мектеп ғимараттары емес, ұлт болашағы өсіп шығатын киелі білім ордалары. Орталық коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингте «Келешек мектептері» деп атауды ұсынып отырмыз», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Бұл мектептердің артықшылығы — онда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім беру кеңістігі, заманауи жиһазбен және құрал-жабдықтарымен, бір ерекшелігі робототехника, «STEM» кабинеттері толықтай қамтамасыз етілген. Робототехника кабинетінде Spike Prime Lego education, Arduino электрониканы үйренуге арналған құрал, Humanoid Robot, (VR) технологиясы виртуалды Meta Quest көзілдіріктері,  CodyFly  дрон, FIRST Lego жинақтармен жабдықталған.

STEM-бағыттағы бойынша оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын, робототехника сабақтары қолөнер, механика және электроника саласында нақты дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Болашақта IT және инженерлік мамандықтарға қызықтыру арқылы олардың болашақтағы кәсіби бағытын анықтауға көмектеседі.

Қорыта айтқанда «Жайлы мектеп» жобасы робототехника педагогінің үлесі өте маңызды деп ойлаймын. Оқушыларға білім алу үшін қолайлы әрі заманауи орта құруды көздейді. Осы бағытта техникалық білім беру аясында оқушыларға бағдарламалау, инженерия және цифрлық технологиялар негіздерін, роботтық жүйелер құру арқылы логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Қостанай қаласы білім бөлімінің «№31 жалпы білім беретін мектебі» КММ Робототехника үйірме жетекшісі Алмагуль Коштаева