Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Спартакиада жалауы Жітіқарада

Жітіқара қаласында Өңір басшысы «Тың-Целина-2019» Қостанай облысының XXXIV спартакиадасы жалауын желбіретті. Дәстүрге айналған спорт сайысы бұл жолы да қызыққа толы болды. Сонымен қатар, Жітіқара қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Екі үлкен жабық спортзал жергілікті спортшыларға жыл бойы барынша қолайлы жағдайда спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

34-ші спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі күмбірлеген қазақтың күйі мен мың бұралған бишілердің өнерінен бастау алды. Астықты атыраптың әр ауданының ең мықты өрендерінен құралған 20 команда өз өңірінің  туын желбіретіп орталық стадионның алаңын бір айналып өтті.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Горняк» стадионында «Тың-Целина-2019» Қостанай облысының XXXIV спартакиадасының ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, салтанатты шерудің ашылу салтанатына арнайы Алматыдан келген Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева әннен шашу шашты. Өңірге қарасты аудан мен қаладан келген делегация өз дербес костюмдерінде болды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жарысқа қатысушыларды қолдап, облыстық спартакиаданың маңыздылығын атап өтті.

— Дәстүрге айналған спорт сүйер қауымы асыға күтетін облысымыздың үлкен додаларының бірі «Тың-Целина-2019» облыстық спартакиадасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде спорт саласында қарқынды жұмыс жүргізіліп, қол жеткізген табыстарымыз да жетерлік. Елбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру жұмыстарының нәтижесінде 67 нысан ашылып, оған қоса «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында демушілердің көмегімен 18 жоба жүзеге асырылды, — деді аймақ басшысы Архимед Бегежанұлы.