Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауыл әйелдерінің форумы өтті

30 августа 2019 14:30 • 705 просмотров

Облыс әкімдігінің, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалиция­сы», «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» заңды тұлғалар бір­лестіктері мен «Coca-Cola» халықаралық қорының ұйым­дас­тыруымен Қостанай облысының ауыл әйелдері форумы өтті.

Сонымен қатар атал­ған форум Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жанын­дағы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық ко­мис­сия­сының қолдауымен ұйым­дастырылды. Тобыл төрінде өткен форумға өңір­дің аудан-қалаларынан нәзік жандар қа­тысты. Әуелі ұйымдастырушылар бас­пасөз брифингін өткізді. Оған Қостанай қа­ласына арнайы келген «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы, Қазақстан Президенті жа­нындағы Жасыл экономикаға өту кеңесінің мүшесі Салтанат Рақымбекова қатысып, жур­налис­тердің сұрақтарына жауап берді.

Жиналғандар форумның мақсаты – ауылды жерлерде көп­шілікке үлгі болатын әйелдерді ха­лық­қа таныс­тыру, сонымен қатар ауыл әйелдерін бизнеске баулу екенін айтты. Ауыл әйелдерін қолдау мақса­тында ұйымдастырылған форумды облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов сөз сөйлеп ашып, форум жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар облыс әкімінің орын­басары ауылды өркендету мем­лекетті дамытудың негізгі шарт­тарының бірі екенін, бұл ретте облыс әкім­дігі тарапынан ауылды жерлерде тұратын көп балалы отбасыларға және іс­кер әйелдерге тиісті қолдаулар көр­сетіліп жатқанын жеткізді.