Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Маусымның соңғы бәсекесі

12 октября 2019 15:00 • 744 просмотров

Заречныйдағы «Арғымақ» атшабарында Ұлттық ат спорты ойындарының маусымжабары өтті. Додаға облыс аудандарымен қоса Нұр-сұлтан, Көкшетау, Петропавл, тіпті көршілес Ресей Федерациясының шабандоздары келді.

Қыз қуу мен теңге ілу, аударыспақ, тай жарыс, құнан бəйге, аламан жарыста кіл мықты бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатында облыс əкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, соңғы жылдары өңірде ұлттық ат спортына айрықша мəн беріліп жатқанын айтты.

Бүгінде облыста 1000-нан астам адам ат спортымен тұрақты айналысады деді ол. 16 шақырымдық аламан бəйгеде қостанайлық Ғани Қыпшақбаев баптаған сəйгүлік мəреге бірінші боп жетіп, қанжығасына су жаңа автокөлік байлады.
Спортшылар қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, тай жарыс, құнан бәйге, аламан жарыстан бөлек, көкпар сияқты ұлттық ойындар бойынша жарысты. Облыстық чемпионатқа Қостанай облысының құрамасы мен полиция департаментінің «Динамо» командасы, сондай-ақ Майлин, Сарыкөл, Әулиекөл, Денисов аудандарының өкілдері қатысты. Топтық кезеңде полиция шабандоздары Қостанай облысының құрамасын 7:1 есебімен, Сарыкөл ауданын 3:0 есебімен тізе бүктірді.