Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шаруашылықта өсім бар

Жанкелдин ауданында биыл ауыл шаруашылығы саласын серпінді даму байқалады. Бұл туралы Торғай өңірінің сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайында ауданның әкімі Шота Оспанов өңірлік баспасөз орталығында тілшілермен өткен жиында баяндады.

Алыстан ат терлетіп келген аудан әкімі бірқатар жақсы жаңалықтарды ізіп өтті. Айтуынша, ауыл шаруашылығында көп ілгерлеу бар. Оған жылдың алғашқы сегіз айында өндірілген 7,4 млрд теңгеге жуық (108%) ауыл шаруашылық өнімі дәлел. 3,3 мың тоннадан астам ет, 30,5 мың тоннадан астам сүт өндірілді. Бұдан бөлек мал басын субсидиялау, техникалар жаңалау, цифрландыру, интернетке қосу жұмысын жалғастыру, басқа облыстардан көшіп келушілерді жұмысқа орналастыру, мәдени-рухани саладағы оң өзгерістер бар.

Қазіргі таңда Торғай дуанының шаруашылықтарындағы Зеңгі баба тұқымы 37,5 мыңнан асып жығылады, қой-ешкі 94 мыңға жақын, 11,3 мыңға тарта жылқы бар. Былтырғы жылға қарағанда мал санының өсімі артқан. Соңғы жылдары аудан шаруалары мал басын ұлғайтып қана қоймай, оны асылдандыру бағытына да бетбұрыс жасаған.