Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

А.МҰХАМБЕТОВ: «Қостанай облысы ел қамбасына 3 млн тонна астық құйды»

21 ноября 2019 11:00 • 556 просмотров

Қостанайда облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтілді. Мерекелік шара басында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, биыл облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 33,3 миллиард теңге бөлінген.

Машина-трактор паркі 3%-ға жаңартылған. Ал аймақта 4,7 миллион гектар алқапқа дән егілген.

«Шамамен төрт 3,3 миллион гектарға бидай егілсе, қалғанына дәнді дақылдар себілді. Егіс алқаптарын әртараптандыру арқылы майлы дақылдардың егістігі 510 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Білікті технология мен тынымсыз тер төгудің арқасында жоғары өнімге қол жеткізіп, табысты еңбек үлгісін көрсете білген озат шаруашылықтар аз емес. Олардың қатарында гектарына 20 центнер астық алған Сарыкөл ауданындағы «Елсан Агро» ЖШС, Меңдіқара ауданындағы «Қарасор Груп» ЖШС бар. Бір гектар алқаптан 25-26 центнер өнім алған сарыкөлдік «К.К. Өтемісов», ұзынкөлдік «Т.Г.Ризаева» шаруашылықтары да құрметке лайық» — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов биылғы қатты қуаңшылыққа қарамастан, ел қамбасына 3 млн тоннадан артық астық құйған диқандарға алғыс айтты.

«Егілген дәннің 3 миллион тоннадан астамын жинай білген шаруаларға алғысым мол. Осындай қиын жағдайда өсіріліп жиналған астық біз үшін өте бағалы әрі қымбат. Алынған бидайдың көлемі облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де, сондай-ақ сыртқы нарықтарға сату үшін де жеткілікті. Негізі, біздің тауар өндірушілер қолайсыз ауа райы құбылыстарымен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Дегенмен, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, жаңа агротехнологияларды енгізу, техникалық қайта жарақтандыру және түптеп келгенде, өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы оған қарсы тұру мүмкіндігі бар. Соңғы жылдары біз мұнымен мақсатты түрде айналысып келеміз, оң нәтиже де бар», — дейді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.