Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шалғай ауылда фельдшерлік пункт ашылды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барып, жаңа әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты. Өңір басшысы алдымен аудандағы өндірістік, әлеуметтік нысандарды аралады.

Облыс әкімі ат басын тіреген бірінші нысан — «Промбаза 7» ЖШС өсімдік майын өндіретін зауыты. Бұл өндіріс ошағы 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 650 тонна зығыр, 380 тонна күнбағыс майы өндірген. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов серіктестік басшылығына өндірісті биылғы көрсеткіштен түсірмеуді тапсырды. Жалпы, Федоров ауданында Елбасының тапсырмасымен қабылданған «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында осы жылы екі әлеуметтік нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Атаулы нысандарды облыс әкімі қарап өтті. Соның бірі – «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы. Мектепке дейінгі мекеме биыл 32,8 млн теңге сомасына жөнделді. Бүгінде балабақшаға 120 бала барады.

Екінші нысан – аудандық балалар кітапханасының өалыпқа келуіне 23,5 млн. теңге жұмсалған. Архимед Мұхамбетовтің жұмыс сапары аудандағы фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанатымен жалғасты. Айта кету керек, ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) салу жобасы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жүзеге асырылған.

«Ғимарат құрылысына 63 миллион теңге жұмсаған «Тұрар» ЖШС директоры Қайрат Оспановқа айрықша алғысымызды білдіреміз. Басқа да шаруашылық басшылары тағы 17 миллион теңгеге демеушілік көрсетіп отыр. Ең бастысы ауылдық округке қарасты елді мекендердің 4 мың тұрғынға сапалы медициналық көмек көрсетпек. Жалпы, биылғы жылы Федоров ауданында атқарылған жұмыс аз емес. 1,3 миллиард теңгеге 40 шақырым жол салынған. Пешков ауылына ауыз су тарту аяқталып қалды. Келесі жылы Копыченка, Баннов, Чехов, тағы бірқатар ауылдарға су құбырын жүргізу басталады. Алты ауылға су тазалау-тарату қондырғылары орнататылды. Денсаулық сақтау мекемелерін жақсартуға, соның ішінде фельдшерлік-акушерлік пунктерді құрал-жабдықтармен жаңартуға 120 миллион теңге жұмсалды. 140 миллион теңгеге орталық аудандық аурухана ағымдағы жөндеуден өтті. Қолға алар шаруа әлі де баршылық. Ендігі жылы барлық саладағы жұмыс күшін арттырып, қаржыландыру жағын көбейтуді жолға қоямыз. Осы науқандарға кәсіпкерлер де өз үлестерін қосады деп сенемін», — деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.