Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көрсеткіштер көңіл көншітеді

Арқалық қасының әкімі Қайрат Әбішев Өңірлік коммуниация қызметі алаңында қаланың әлеуметтік-экономиалық дамуының он айдағы көрсеткіштерін БАҚ өкілдерімен бөлісті.

Есепті кезеңдегі қаланың өнеркәсіп өнімінің көлемі 8 млрд теңгеге жетті. Оның 3,5 млрд теңгесі Торғай боксит кен басқармасына тиесілі. Бұл кәсіпорынның қазіргі ахуалы бүгінде ел тұрғындарына аян. Қала әкімінің сөзінше, өндіріс көлемі жылдан-жылға азайып келеді. Меже бойынша, мұндағы жұмыстар 2021 жылға қарай аяқталуы мүмкін.

«Қазір ТБКБ-да 662 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынның кен қоры таусылуға жақын қалғандығы туралы мәлім боған күннен бастап, қызметкерлерді жұмыспен қамту шаралары толастаған жоқ. Мұнда еңбек етіп келе жатқан жұмысшылардың барлығы дерік тәжірибелі мамандар. Сондықтан, келісім-шарттар бойынша, 290 адам Рудныйдағы ССКӨБ-те, 150 адам Краснооктябрь кәсіпорнында жұмыстарын жалғастырмақ. 66 жұмысшы зейнет жасына жақындаған. Тағы 111 адамды жұмысқа орналастыру өз міндетімізде», — дейді Арқалық қасының әкімі Қайрат Әбішев.

Келешектері қала әкімдігінің құзырына қарайласқан 111 адамның 50-і «Торғай Ет» зауытына орналастырылып, қалғаны жоспарға алынып отырған Жел станциясы және Кірпіш күйдіру зауытының құрылыстарына жұмылдырылмақ. Мәселен,»Торғай Ет» зауыты әлгіндегі көлемдегі жұмысшыларды қабылдауға дайын. Өйткені, кәсіпорынның қызмет ауықымы кеңейіп, дамудың 2-кезеңіне көшуге бет алған. Мұнда жеке мал шаруашылығы кешені, мал бордақылау алаңы салынып, өндіріс бар қуатына көшсе, жүз шақты адамға дейін жұмыс күшін тартуға қауһарлы.

«Осы қараша айында «Торғай Ет» цехының ашылғанына бір жыл болды, — дейді зауыт директоры Расул Мұқанов. — Көктем айларында алғашқы өнімдеріміз нарыққа шығарып, тесттік режимде шұжықтарымыз бен консервілерімізден тұтынушыларға дәм татырдық. Нақты деректерге сүйенсек, наурыз айынан бері зауыт 670 бас мал қабылдады. 60 тонна консервіленген ет, 80 тоннадан астам шұжық өндірілді. Өнімдеріміз ең үздік деп танылғанын да айта кету керек».