Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кубок иегері кім?

6 марта 2020 17:00 • 2 269 просмотров

Қостанай қаласында футболдан Қазақстан Республикасы суперкубогының финалы аяқталды. Осылайша, биылғы футбол маусымы басталды.

Ойынды елордалық команда ширақ бастады. Тигран Барсегян мен Марин Томасов қос қапталдан шабуылдап, «Қайсар» қақпашысын әбден мазалады. Қызылордалық ұжым қарымта шабуылдармен ойнады. Бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда «Астана» есеп ашты. Рунар Сигурьонссонның айып алаңына асырған пасын шабуылшы Пиерос Сотириу қажетіне жаратты.

Алда – «Астана. «Қайсар» екінші таймда таразы басын теңестіруге бірнеше мүмкіндік алды. Алайда футболшыларға бірде сәттілік, енді бірде дәлдік жетіспей жатты. Астаналық қорғаушылар қарсыластардың шабуылына лайықты жауап берді. Осылайша, «Астана» биылғы ел Суперкубогының иегері атанды.

Осы ойыннан соң «Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев Серік Жейлітбаев атындағы жүлдемен марапатталды.

2013 жылы Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы 38 жастағы атақты қазақстандық футболшы, үш мәрте ел чемпионы Серік Жейлітбаевты еске алуға жүлде тағайындаған болатын. Бұл марапат Қазақстан чемпионатында ең көп ойын ойнаған спортшыға беріледі.

Бұған дейін Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдулин және Мақсат Байжанов сияқты танымал футболшылар құрмет сыйлығының лауреаттары атанды.