Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Композитордың кеші

9 марта 2020 11:00 • 10 210 просмотров

Қостанайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, биік парасат иесі Ермұрат Үсеновтің «Ұлы дала сарыны» атты шығармашылық кеші өтті.

Ермұрат Үсенов — күллі қазақ еліне ортақ тұлға. Ұлт музыкасын өзіндік өрнегімен байытқан композитор. Ол, Қостанай өңірімен тығыз байланыста жұмыс істеп, ұжым репертуарын тың дүниелермен толықтырды.

Шығармашылық кешке арнайы шақырылған әнші, ҚР мәдениет қайраткері Ғазиза Жұмекенова, кеш иесінің шығармаларын шалқыта шырқады.

– Тобыл-Торғай төрінде қазақтың белгілі компазиторы Ермұрат Үсеновтың кеші өтуде. Ермұрат, Нұрғиса Тілендиев, Ахмет Жұбановтардан кейінгі ұлттық музыкамыздың туын биік көтеріп жүрген дарынды өнер иесі. Бұл кештің тәрбиелік мәні зор деп айтар едім. Өйткені, тарихи-тақырыптық оқиғаларға байланысты жазылған шығармалары мол, – деді белгілі әнші ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ғазиза Жұмекенова.

Кеш иесі 1952 жылы Алматы облысы, қазіргі Кеген ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның 1977 жылы домбыра сыныбын, 1983 жылы музыка теориясы мамандығы бойынша тәмамдап шыққан. Еңбек жолын Жезқазған музыкалық колледжінде ұстаздық етуден бастаған Ермұрат Үсенов 1979 жылы композитор Нұрғисса Тілендиев жаңадан құрылған «Отырар сазы» оркестріне домбыра тобының концертмейсері ретінде арнайы жұмысқа шақырылды. Осы ұжымда ағамыз республикамыздың, Одақ және шетел сахнасында аянбай еңбек етті, жеке соист ретінде көпке танымал болды.