Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тазалау техникасы құрастырылды

Қостанай ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші «Агромашхолдинг KZ» кәсіпорны қала көшелеріне дезинфекция және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды шығара бастады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Lovol 604» модификацияланған моделінің алғашқы топтамасы қала көшелеріне дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін аймақтағы «АБЗ плюс» компаниясына жеткізілді.

«Lovol» тракторлары — түрлі аспалы, жартылай аспалы және тіркеме жабдықпен жабдықталады, осылайша олар ауыл және коммуналдық шаруашылық саласында, құрылыста және басқа да бағыттарда тиімді пайдаланылады.

Аталмыш тракторлардың маңызды ерекшеліктерінің бірі еуропалық дизайніндегі жылыту және кондиционері бар үшінші буын кабинасы. Сонымен қатар трактор гидронасоспен және қуаты ұлғайтылған қозғалтқышпен жабдықталған. Естеріңізге сала кетейік,  35-тен 130 а.к. дейінгі  «Lovol» тракторларының жиыны Қостанайда өткен жылдан бері шығарыла бастады. Отандық өндіруші «Агромашхолдинг KZ» тракторларын «БРК-лизинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ арқылы сатып алуға болады.

«АгромашХолдинг KZ» АҚ — Қазақстандағы «ESSIL» маркалы астық жинайтын комбайндарды, LOVOL тракторын, кең ассортименттегі қосымша өнімдерді өндіретін жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын, сонымен қатар Қазақстан аумағында «Гомсельмаш» ААҚ өнімдерінің эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.

 Сонымен қатар кәсіпорын қолданыстағы өндірісті жаңғырту, шығарылатын өнім желісін кеңейту бойынша үнемі белсенді жұмыс жүргізеді.

Компания еліміздің барлық астық егетін өңірлерінде 8 филиалы мен 11 өкілдікті қамтитын ірі қызметтік-өткізу желісіне ие. Кәсіпорында ауыл шаруашылығы техникасын жүзеге асыру, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету саласында үлкен жұмыс өтілі бар 150 жоғары білікті маман еңбек етеді.